• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Астана – сердце Евразии»

«Астана – сердце Евразии»

Астананың Мәскеудегі мәдени күндері аясында өткізілген

Гала-концерт

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 күні Мәскеудегі Астананың мәдени күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында «Астана – Еуразия жүрегі» атты гала концерт өтті.

Ауқымды мәдени кеште отандық талантты тұлғалардың өнеріне мәскеуліктер таңдай қақты. Әсіресе, Әлібек Днишев, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы және Роза Рымбаева секілді қазақ музыка өнерінің жарық жұлдыздары сахнаға шыққанда тұрғындар ғажайып әсерге бөленді. Қазақтың ұлттық биінің шашбауын көтеріп жүрген «Наз» мемлекеттік би театры артистері де Мәскеу сахнасында қазақ биінің тұғырын тағы бір мәрте көтеріп тастады. Театр артистері «Назбике», «Достық» биін, «Көңілашар», «Самғау», «Жастар», «Русская плясовая» билерін нақышына келтіріп орындады. Оларға жұртшылық ұзақ уақыт қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, «Славянский базар – 2015» конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Айша, «Формат», «Ринго», МузАрт тобының орындауында әндер шырқалды.

Астана қаласы мемлекеттік академиялық филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрі мен «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі де тамаша туындылар орындады. «Шалқыма» халық биі ансамблінің мүшелері де әдемі би өрнегін көрсетті. Тұрсынбек Қабатов бастаған әзілкештер көрерменді бір серпілтіп тастаса, әйгілі «А-Студио» тобы да тұрғындарды өнерімен қуантты.

Осылай, отандық өнер майталмандары  Мәскеу төрінде қазақтың рухын асқақтатып, көрермен қошеметіне бөленіп қайтты.

maxioma