• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

Ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні сағат 11:00-де  «Наз» мемлекеттік би театры  МКҚК 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана тұрғындары мен қала қонақтарына арнап «Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық» атты  мерекелік концерт өткізеді. Шарада Тәуелсіздік тақырыбында әндер айтылып, би композициялары орындалады.

Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғыртатындай қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты – бұл мемлекеттілік пен Қазақстан халқы бірлігін нығайту және базалық құндылықтар төңірегінде қоғамдық шоғырландыру. Осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайту болып табылады.

maxioma