• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» хореография тілінде

«ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» хореография тілінде

Құрметті көрермен!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК XIII маусымының жабылуына орай Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» қойылымын ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» 4 шілдеде Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектакль премьерасын өткізген болатын.

Бұл қойылым Абай Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады.

Либретто авторы –ҚР Мәдениет қайраткері Е.Ағымбаев

Би өнерін дәріптеуші көрермен! Баршаңызды екінші премьераны тамашалауға шақырамыз.

Билеттерді театр кассасынан ала аласыздар. Билет құны 1000 теңге.

Ескерту!

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты театрға келетін көрермендер орны шектеулі. Мерекелік кешімізге келетін көрермендерімізден қауіпсіздік шараларын ұстанып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанып, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Көктал – 1 ш/а, Алмалық көшесі -1;

Театрға 5, 5а, 54 автобустар қатынайды.

admin2