• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Біздің тарих

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК

1999 жылдың 9 ақпанында Астана қаласы мемлекеттік филармониясы жанынан «Наз» халық би ансамблі құрылды.

2007 жылдың 1 наурызында қала әкімінің шешімі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры болып өз алдына шаңырақ көтерді.

Театрдың іргетасын қалаған кәсіби хореографтар Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтар.

Театр директоры – Сраилов Сұлтан Оңғарұлы

Директордың орынбасары – Серікбаева Дамет Қайроллақызы

Театрдың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» – Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы

Репертуардағы қойылымдар:

Концерттік бағдарламалармен қатар хореографиялық би спектакльдерінен де құралған.

  • 2005 ж. «Тұйғындар» би спектаклі (Күлтегін заманынан бастап, көк байрағымыздың желбіреп тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи заманды бейнелейтін қойылым)
  • 2008 ж. «Ақ пен қара» хореографиялық композиция (Балаларға арналған шығарма)
  • 2009 ж. «Балеро» хореографиялық композиция (Фламенко нақышында қойылған махаббат оқиғасы)
  • 2010 ж. «Нұрғиса» би спектаклі (Халық қаһарманы, композитор Н.Тілендиевтің музыкалық шығармаларының негізінде қойылған ұлы тұлғаға арналған портреттік қойылым)
  • 2013 ж. «Мың бір түннің бір түні» би спектаклі (Шаһризада ертегісінің желісі бойынша қойылған шығыс ертегісі)

Жүлделер мен марапаттар:

  • 2001 ж. II Республикалық Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би конкурсының лауреаты (Орал)
  • 2001 ж. IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран При иегері;
  • 2002 ж. «Наз» халық би ансамблі Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты;
  • 2003 ж. Новосибирск қаласында өткен II халықаралық хореографтар конкурсының лауреаты (Ресей);
  • 2004 ж. «Алтын мүсін» иегері (Қытай);
  • 2017 ж. М. Эсамбаев атындағы IX Халықаралық фестивалінің лауреаты (Грозный)

Театрда 130 қызметкер бар. Шығармашылық құрамы – 65; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» – 2;

“Мəдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегерлері: – 7;

Гастрольдік сапарлар:

«Наз» мемлекеттік би театры «Worldfestival Parad Brunssum» (Еуропа), «Warffum» (Нидерланды), «Алтын Қарагөз» (Түркия), Ресей, Франция, Бельгия, Қытай, БАӘ, Чехия, Болгария, Катар, Норвегия, Израиль, Украина елдерінде болды.

Катардағы Жазғы олимпиада ойындары (2005), VII қысқы Азия ойындары(2011), «Астана 2012 – түркі әлемінің мәдени астанасы» (2012), «Уфа – бірлік пен достастық қаласы» (2012), «EXPO-2017» халықаралық көрмесі сынды ауқымды іс-шараларға атсалысып келеді.

Театрдың басты мақсаты:  Ұлттық фольклорды насихаттау және қазақтың ұлттық билерін дамыту