• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Биле, Астана»

«Биле, Астана»

Шілденің 3-6 аралығында Астана қаласында дәстүрлі республикалық  «Биле, Астана» фестивалі ел бишілерінің басын қосты. Астананың туған күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың өтуіне мұрындық болған Астана қаласы әкімдігі мен «Наз» мемлекеттік би театры.

Байқауға еліміздің әр аймағынан келген 5 жастан 25 жас аралығындағы би ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты. Би өнерінің әр түрлі жанрында додаға түскен өнерпаздар әділқазылар алқасы мен өнерсүйер қауымды шеберлігімен тәнті етті. Би фестивалі 6 шілде күні галоконцертпен аяқталды. Сонымен, байқауда әділқазы алқасын өнерімен тәнті етіп, Гран-при жүлдесін иеленгендер – «Халық биі» аталымы бойынша «Нұрсәулем-ай» ансамблі, «Шашу» би ансамблі және осы аталым бойынша жеке орындаушылар Гүлназ Бодашева және Тараздан келген Аружан Ахметова. Ал, эстрадалық би аталымы бойынша №48 мектеп-лицейінің би ансамблі және осы номинация бойынша жеке орындаушы Катя Кудряшова бас жүлдені қанжығасына байлады. Байқау жүлдегерлері мен лауреаттары ақшалай сыйлыққа ие болып, байқауға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

maxioma