• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Рухани жаңғыру-халқымыздың жарқын болашағы»

«Рухани жаңғыру-халқымыздың жарқын болашағы»

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры өз ғимаратында «Орталықтандырған кітапханалар жүйесі» №3 көпшілік кітапханасымен бірлесе отырып, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары бойынша түсіндіру сағатын өткізді. Бұл кездесуге Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау колледжінің студенттері және театр қызметкерлері қатысты.

«100 жаңа оқулық» – қазақ ғылымының жаңа белесі» атты оқу залында кітапханашы Нұргүл Әміржанова қатысушыларға оқулықтарды таныстыра отырып, видео слайдтар көрсетті. Сонымен қатар, «оқулықтар арқылы қазақ аудиторияларының мазмұны мен деңгейін көтеру басты мақсат болып табылады» деді. Әлемнің үздік туындылары студенттерге жаңа сапалық деңгейде білім беруге жол ашады. «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандық гуманитарлық білімді дамытуға үлес қосады және жаһандық бәсекеге бейімделген мамандарды даярлайды.

«Наз» мемлекеттік би театрының БАҚ менеджері Толқын Сұлтанова: «Меніңше, бұл жобада халқымыздың келешегі, өмір сүру құпиясы жасырынғандай. Бұл бағдарламада нақты қандай іс атқаруымыз керек, мақсатымыз қандай, барлығы адаспас темірқазықтай анық жазылған. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасында тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіндік мәдени жетістіктермен әлемге танылу мәселесі айтылады. Демек, біз төл өнерімізді дамыту арқылы (ғылым, әдебиет, көркемөнер мен музыка, театр, кино және т.б) әлемге мәдени жетістіктерімізбен таныла аламыз» деді.

Иә.Табиғаттың берген сыйы – қазба байлықтарымызды тауыспай-ақ өнер арқылы да мемлекетімізге өте үлкен пайда әкелуге болады. Қазақтың төл өнері, ұлттық мәдениеті мен ерекше дүниетанымының өзін жаңғыртып, әлемдік аренаға шығуымызға зор мүмкіндік туып тұр

               

                             

maxioma