• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент»

«Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент»

Ағымдағы жылдың қараша айының 30 күні, сағат 11:00-де  «Наз» мемлекеттік би театры Астана қаласы әкімдігінің «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  КММ-де өткен  «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент» атты мерекелік концертке қатысты.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, Астана қаласының 40 орта мектеп оқушылары  және өзге де әлеуметтік мекемелер қатысып, өнерлерін ортаға салды. «Наз» би театрының артистері Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне ерекше дайындықпен барғандарын көрсетті. Патриоттық тақырыпта әндер айтылып, мерекелік билер биленді.

Астана қаласы әкімдігінің «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрғылықты тұратын қариялар мен  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қарттарымыздың көңіл-күйлері көтеріліп, бір серпіліп қалды.

maxioma