• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Ынтымақты елдің ырысы мол»

«Ынтымақты елдің ырысы мол»

«Ынтымақты елдің ырысы мол»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауы әрбір қазақстандықтың заман талабына сай өмір сүруге бағытталған айқын жол деп есептеймін. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен жобалардың барлығы мемлекетіміздің өркендеуі үшін маңызы зор. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Республика тұрындарының арасында жаппай қолдауға ие болып, қоғамға үлкен сілкініс жасады.

Бұл жолдауда алдымен халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру сынды маңызды қадамдар басты назарға алынған. Қазіргі уақытта жаһандық және жергілікті проблемалар бірігіп келіп, азаматтардың қоғамға деген дүниетанымын қайта қалыптастырып жатқандай. Жолдауда мемлекеттік органдар қызметінің барлық салаларын қамти отырып, қазақстандықтар үшін тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық, білім беру және денсаулық сақтау сияқты маңызды салалардың сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылады.

Мысалы, еңбек нарығында жалпы білім алған адам емес, оның өз мамандығын жақсы меңгерген адам сұранысқа ие. Сонымен қатар, әр жылдары мамандардың біліктілігін арттырып отыру, ол сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы.

Елімізге туристердің келуі және ішкі туризм мәселесі бойынша маңызды салалық бағдарламаны әзірлеу бойынша Үкімет алдына міндет қойылды. Бұл инфрақұрылымды дамыту және өз ісіне жауапты білікті мамандар даярлап, жаңа жұмыс орындарын құру мәселесі де орынды талап.

Президенттің жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасына және барлық деңгейде оқыту процесстеріне түбегейлі өзгерістер енгізу басты назарда.

Жоспарланған «Педагог мәртебесі туралы заң» қоғам үшін осы кәсіп иелерін ынталандыруға, оқушылар алдында мұғалім беделінің артуына бағытталған.

Сонымен қатар, халық арасында «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «7-20-25» және басқа да тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бағдарламалар қолдау тауып, ел кәдесіне жарап жатыр.

Биылғы жылды Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз де өз саламыз бойынша жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жас таланттарды жұмыспен қамтамасыз етіп, өнерін қолдап отырған ұжымбыз. Жалпы «Наз» мемлекеттік би театрының 70 проценті жастардан құралған. Сондықтан жалынды жастарымызды рухани құндылықтарымызды дәріптеуге баулып,

отаншыл патриот болуға тәрбиелеп жатырмыз. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс» деп елбасы айтқандай, жас буынның еңбек ете жүріп, отбасын құрып, баянды ғұмыр кешуіне жағдай жасауға талпыныстар мен қадамдар жасап жүрміз.

Бүгінгі таңда барша азаматтың алдында тұрған ең басты міндет – Президенттің Жолдауын халыққа түсіндіру және оның жүзеге асуына атсалысу. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халық даналығы. Ынтымақ пен бірліктің арқасында қазақ елі әлемге әйгілі ұлы мемлекеттердің біріне айналары сөзсіз. Соның айғағы – қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы.

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры Сұлтан Сраилов

maxioma