• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Сыйынар ем, Ана – деген тәңірге!» атты мерекелік концерті өтеді

«Сыйынар ем, Ана – деген тәңірге!» атты мерекелік концерті өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге!» атты концертін ұсынады.

Концерт шымылдығы «Гәкку» биімен ашылады. Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, елімізге танымал хореограф Анель Марабаева көрерменге «Үнді биін» тарту етпекші. Сондай-ақ, кеште «Буын биі», «Секіртпе», «Пироги с сыром», «Қатық», «Тау ұлы», «Наз бике», «Богатая невеста», «Шашу биі», «АНА» билерін театрымыздың талантты артистері еліміздің арулары мен аяулы аналарына тарту етіледі.

Кешіміз тек би емес әсем әндермен де толықтырылған. Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы, композитор, жыршы-термеші Зағипа Иманғазиева мен опера әншісі Батима Изенаева әннен шашу шашады.

Кешті театрымыздың балет артистері жүргізеді.

Ескерту!

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты театрға келетін көрермендер орны шектеулі. Мерекелік кешімізге келетін көрермендерімізден қауіпсіздік шараларын ұстанып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанып, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз.

Өтетін күні: 5 наурыз 2021 жыл

Өтетін орны: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты

Мекен-жайы: Көктал-1, Алмалық көшесі-1;

Басталуы:18.00

Билеттер бойынша ақпаратты 87477985615 номерінен біле аласыздар.

admin2