naz

Астана қаласы әкімдігі «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-ны  үшін желтоқсан айы еңбектің еленіп, мерейдің үстем болған кезі болды. «Наз» мемлекеттік би театры елордамыздың мәдени дамуына сүбелі үлес қосып, ел алғысын алған кәсіби ұжым. Сан жыл еңбек еткен театр артистерінің бағы жанып, түрлі мемлекеттік марапаттарға ие  болғаны театр үшін зор мәртебе.

14 желтоқсанда  "Наз" мемлекеттік би театры ШҚО әкімдігінің арнайы шақыруымен ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған үлкен іс-шараға арнайы сапармен барды.

Кеше қала әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры елордамыздың Сарыарқа төсіне қоныс аударғанына 20 толуына арнап «Тәуелсіздік тірегі – Астана» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК- ны  ҚР Тәуелсіздік күніне  және Елордасының Астанаға көшуіне 20 жыл толуына арнап «Тәуелсіздік тірегі-Астана!» атты мерекелік концерт қойды. Концерт театрдың өз сахнасында, нақтырақ айтсақ, «Көктал» шағын ауданында орналасқан ғимаратында өтті. Мерекелік қойылымды Көктал шағын ауданының тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары көтеріңкі көңіл-күй, ерекше шабытпен қарсы алды.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрында

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша  театр қызметкерлеріне лекция өткізілді.

Тәуелсіздік! Еркідік пен бостандықты бағалайтын мына дүниеде бұдан асқан асыл сөз бар ма екен! Жоқ.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрында  ҚР Еңбек кодексіне арналған  жиын өтті. Кәсіподақ комитетінің өкілдері Башарова Мадина Бәкенқызы  мен Шалабаев Дінмұхамед Мұхамедәлиұлы  театр қызметкерлеріне  Еңбек кодексінің бабтарын таныстырды.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры мен №3 көпшілік кітапханасы бірлесіп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Бабадан ұрпаққа қалған ұлттық мұрамыздың қайсысы да қастерлі қазынамыз, дәстүрлі өнерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көркемдік ойын, салтын, дүниетанымына сай арман-мұратын бейнелейтін бірегей жауһарлар.

Грозныйда өткен фестиваль-конкурста «Наз» мемлекеттік би театры жүлдемен оралды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстер Қадиша Ағымбаева байқаудан алған әсерімен бөлісті. «Фестивальге Қазақстан атынан үлкен ұжыммен қатыстық. Театр ұжымы байқауға дуэт және топтық сайыс үшін төрт би алып барды.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз мемлекеттік би театры» МКҚК қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңының аясында  «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» тақырыбында баяндама өткізілді. Баяндама барысында қоғамдағы үлкен мәселеге айналған тақырыпты жан-жақты талқылап,қажетті ақпараттар берілді.

Астаналық «Наз» мемлекеттік би театры Грозный қаласында өткен  М. Эсамбаев атындағы IX Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып жүлделі оралды

Грозный қаласында   М. Эсамбаев атындағы IX Халықаралық  жеке биден фестиваль-конкурс өтті. Конкурс қонақтары мен қатысушыларды ШР мәдениет министрі Хож-Бауди Даеев бастаған бір топ өнер адамдары қарсы алды.

Астана қаласын санитарлық тазарту мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-ның қызметкерлері қатысты. Таңертеңгі 9-дан бастап сенбілікке қатысқан азаматтар  театр аумағындағы  қоқыс-қалдықтарын шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін тазартып айналамыздың әсемденуіне бір кісідей атсалысты.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды 

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-ны 2017 жылдың 25 тамызында Елордадағы «Жастар» театры сахнасында, сағат: 16:00 және 19:30-да ҚР Конституциясы күніне және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнап «Ата заңым-Айбарым!» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.

Бүгін "Наз" мемлекеттік би театрының" балет артисі Айдана Жандаулованың туған күні. Театр ұжымының атынан Айданаға шығармашылық табыс, шалқар шабыт  тілейміз! Өмірің қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

26 маусым нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күніне орай шара ұйымдастырылды. 
"Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ЖШС-ның дәрігер үйлестірушісі Қанат Хамзин лекция өткізіп, өте көп мағлұмат берді. Алдағы уақытта да тығыз жұмыс жасап, әр түрлі тақырыпта лекциялар өткіземіз деген шешімге келдік.

Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтіп жатырған, «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына "Наз" мемлекеттік би театры қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр.

Этноауыл ұлттық мәдени кешенінде өткен шарадан көрініс. Қолдап келген барша жандарға алғыс айтамыз. Өте керемет күн болды.

"ЭКСПО 2017" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ аясында ұйымдастырылып жатырған ЭТНОАУЫЛ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ өтетін шарада "Наз" би театрының балет артистері 10-11 маусым күндері өнер көрсетті.

"Қазақстандағы Қытай киносының фестивалі 2017" шарасының ашылу салтанатында Джеки Чан "НАЗ" би театрының "Көңіл ашар" атты биін сүйсіне қарап, тамсанып отырды!!! Өйткені, репертуарымыздағы бұл қойылымда қазақ xалқымыздың: КӨКПАР, ҚЫЗ ҚУУ, БӘЙГЕ секілді дәстүрлі ойындары көрсетілген болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінінің 25 жылдығына орай бүгін театрымызда әнұран орындалды.

1 маусым  күні "Наз" би театрының ұйымдастыруымен Халықаралық балалар күніне орай мерекелік шара өтті. "Қара жорға" биіне мастер класс, флешмоб өткізілді.Қыз қуу, сурет салу, жұмбақ шешу сынды ойындар ойнатылды. Өте жоғарғы деңгейде өткен мерекелік шарадан балалар мен ата-аналар керемет әсер алып, мереке соңында алғыстарын айтып, аниматорлармен суретке түсті. Сонымен қатар тегін балмұздақтар таратылып, балалардың көңілі бір марқайып қалды.

4 маусым - Мемлекеттік рәміздерді қорғау күніне орай өткізілген "Ел рәміздері ел рухы" тақырында лекция өткізілді.

"Наз" би театрының ұжымына "Терроризмге қарсы қауіпсіздік" тақырыбында лекция өткізілді.

"EXPO-2017" Халықаралық көрмесі аясында 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай №65 мектеп-гимназиясының жазғы демалыс лагерінің оқушыларына концерт ұйымдастырылды.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Астана қаласының әкімі Ә.Исекешов пен Мәдениет басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың атынан бір қатар қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, Мәдениет басқармасының басшысы Б.Мажағұлов "наз" би театры ұжымына ықылас гүлін жолдап, құттықтаған болатын.
Әріптестерді құттықтап, шығармашылық шабыт, еңбектеріне жеміс тілейміз!

13 мамыр күні "Наз" би театр ұжымы "Біз таза қала" үшін акциясын қолдап, сенбілікке шықты.

Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-де тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылып өткізілген мерекелік концертке, "Наз" мемлекеттік би театры ерекше ықыласпен қатысып, өнер көрсетті.

5 мамыр күні "Наз" мемлекеттік би театры кызметкерлеріне әскери-патриоттық бағытта көркем фильм және көрме ұйымдастырылды.

4 мамыр күні сағат 15:00-де "Наз" мемлекеттік би театры Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның құрметті тұрғыны (СҚО), ІІ-дәрежедегі «Айдын» орденінің кавалері, «Ерлігі үшін» (СССР) медалі иегері, Ауған соғысының ардагері, «Қаһарман ұрпақ» Қоғамдық қорының президенті Қайрат Меңдібайұлы Елубаевпен, №5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Нукеш Сартабай және Ержан Маратовпен кездесу кешін өткізген болатын. "Ерлік тағылымы" атты бүкілреспубликалық акцисы аясында ұйымдастырылған кездесу кеші өте жоғары деңгейде өтті.

4 мамыр күні «Наз» мемлекеттік би театры «Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау» колледжімен бірігіп «Мен қазақтың сарбазымын!» атты патриоттық ән және саптық жүріс сайысын және Көктал-1 шағын ауданындағы Мәңгілік Данқ Алаңында ескерткішке гүл қою рәсімін өткізді.

Қазақстан халқының бірлігі күні! Астана айтулы мерекені жылдағы дәстүрге сай «Қазақ елі» алаңында атап өтті.
Мерекелік концертке "Наз" мемлкеттік би театры қатысып, Елорда халқы мен қонақтарын өнерлерімен тәнті етті.

Бүгін, 29 мамыр  Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өткізілді. "Наз" мемлекеттік би тетары "Біз таза қала үшін" акциясын қолдап, сенбілікке шығып өз үлестерін қосты. Театр қызметкерлері ғимарат аумағын қоқыстардан тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.  

Бүгін "Наз" мемлекеттік би театрының директор орынбасары Дамет Серікбаева әкімшілік құрамымен ағымдағы аптаның жұмыс жоспарын талқылап жиналыс өткізді.

"Наз" мемлекеттік би театр мамандар бөлімінің инспекторы Майра Бекенова ұжымдағы әскерге шақыру науқанына белсене ат салысып қатысқаны үшін Астана қаласы Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник А.Жабыковтың алғыс хатына ие болды.

20 сәуір күні "Наз" мемлекеттік би театр ұжымына "Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субьектісі" тақырыбында баяндама өткізді.

Сәуір айының 21-ші жұлдызы"Наз" мемлекеттік би театры Жезқазған қаласында болып, концерттік бағдарламасын ұсынды.  1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелері мен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында  "Шежіре - өрнектелген би тілімен" атты концерттік бағдарлама жоғарғы деңгейде өтті. Жезқазған қаласы тұрғындарының ыстық ықыласы мен өнерге деген құрметі балет артистерін ерекше шабыттандырды. Концерт соңында қала тұрғындары керемет әсер алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ҚАЗАҚ - КОРЕЙ БАЙЛАНЫСЫНА 25 ЖЫЛ
31 Наурыз күні Қазақ-Корей елі «Дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына» орай мәдени шара ұйымдастырған болатын. Шараға «Наз» мемлкеттік би театрының балет артистері қатысып өнер көрсетті.

Қадиша Ағымбаеваның "ДАРА ЖОЛЫ"
«Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Дана Нұржігіт жүргізетін «Дара жол» бағдарламасында «Наз» мемлекеттік би театрының бас балетмейстері, көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Қадиша Ермекбайқызы Ағымбаеваның шығармашылығына арналған түсірілім өтті.

27 наруыз Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз! Алдағы еңбектеріңе шығармашылық шабыт, дендеріңе саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

22 наруыз күні "Наз" мемлекеттік би театрының ұжымы театр алаңында "Қош келдің, әз-Наурыз" атты мерекелік концерт өткізді. Көктемнің шуақты күнінде өткен мерекелік шарада Қорқыт ата бата беріп, бесікке салу рәсімі көрсетілді. Сонымен қатар, театр артистері Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда өткен мерекелік концертте өнер көрсетті.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай "Сарыарқа" велокешенінде өткен мерекелік шараға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев катысып, құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шараға "Наз" мемлекеттік би театрының балет артистеріде өз үлестерін косып, өнер көрсеткен болатын.

«Наз» мемлекеттік би театрының шығармашылық құрамы әртістері Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қауіпті салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы баспанасы» КММ болып, 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Мерекелі Наурыз» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Әуелеген әсем ән мен мың бұралған бишілердің биі көрерменнің қошеметіне бөленіп, көктемнің құбылмалы күнін жарқ еткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

«Қыз-қызғалдақ, әйел-көктем, ана-гүл». "Әйел-Көктем" атты Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген мерекелік концертке "Наз" би театрының сұлу арулары өнер көрсетіп, нақышына келтіре орындаған әсем билерімен көрікті кешті қыздыра түсті. (15.03.2017)

Астана қаласы әкімдігінің «Наз мемлекеттік би театры» МКҚК қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама өткізілді.

2017 жылы 29 қаңтарда XXVIII Халықаралық қысқы Универсиаданың құрметіне арнайы салынған «Алматы арена» спорт кешенінде өткен Универсиаданың  салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Халықаралық студенттер федерациясының президенті Олег Матыцин және өзге де бірқатар мәртебелі меймандар қатысты. Елімізде тұңғыш рет өткен спорт мейрамының ашылу рәсімінің тұжырымдамасы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идеяға негізделген.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлкеттік би театры 31 қаңтар күні сағат 11.00 де Аршалы ауылының ЕЦ 166/5 ММ жазасын өтеушілерге Қазақстан Республикасы күніне орай, «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте!» атты қайырымдылық концертін өткізді.

Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені баршамызға мәлім. Тәуелсіздігімізді алып, ел болғалы жастар саясатына үлкен көңіл бөлініп, қолдау көрсетілуде. Ел өмірінің қай кезеңіне үңілсек, балалар тағдыры кімді болсада бейтарап қалдармасы анық.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Осыған орай «Наз» мемлекттік би театрының ұжымы, Астана қаласының ауыл-аймақтарын аралап концерттік бағдарламаларын қойып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр.

Ағымдағы жылдың қараша айының 30 күні, сағат 11:00-де  «Наз» мемлекеттік би театры Астана қаласы әкімдігінің «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  КММ-де өткен  «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент» атты мерекелік концертке қатысты.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні сағат 11:00-де  «Наз» мемлекеттік би театры  МКҚК 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана тұрғындары мен қала қонақтарына арнап «Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық» атты  мерекелік концерт өткізеді. Шарада Тәуелсіздік тақырыбында әндер айтылып, би композициялары орындалады.

XIX Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театры мерекелік концерт берді. Ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні, сағат 19:00-де «Жастар» театрының сахнасында өткен концертке Астана тұрғындары мен қала қонақтары, сондай-ақ, фестиваль қатысушылары келіп, би майталмандарының өнерін тамашалады.   

4 қараша күні,  сағат 15.30-18.00 аралығында «Жастар» театрында Хореография номинациясы бойынша – I байқау кезеңі өтті.  

5 қараша күні, сағат  10.00-12.30 аралығында «Жастар» театрында Хореография номинациясы бойынша – II байқау кезеңі өтті.    

5 қараша күні, сағат 17:00-де Жастар театрында «Наз» мемлекеттік би театрының артистері хореография номинациясы бойынша фестиваль қатысушыларына класс-концерт өткізді.

2016 жылдың қараша айының 3 күні Бейбітшілік және келісім сарайында XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылуы өтті. Елордалық Пирамиданың Опера залында алдыңғы фестивальдердің жеңімпаздарының қатысуымен мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылды. Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

 

Астананың Мәскеудегі мәдени күндері аясында өткізілген

Гала-концерт

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 күні Мәскеудегі Астананың мәдени күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында «Астана – Еуразия жүрегі» атты гала концерт өтті.

2016 жылғы 31 тамызда 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің Гала-концерті өтті. Мерекелік шарада «Наз» мемлекеттік би театрының артистері «Жастар», «Хбайлар», «Түрік» билерін биледі. 

Жуырда «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы Астана радиосындағы «Единство кz» бағдарламасына қатысып қайтты. Бағдарлама барысында Қадиша Ермекбайқызы театрдың жеткен жетістіктері, бүгіні мен болашағы жөнінде ой өрбітті.   

Ағымдағы жылдың, 18-20 қыркүйек аралығында театр артистері Мәскеу қаласына гастрольдік іс-сапармен барады. Қазақстанның Ресейдегі Мәдени күндерінің өтуіне арналған концерт «Танец без границ» деген атаумен өткізілмек. Осы жолы театр артистері Мәскеулік көрерменін «Қуаныш», «Назбике», «Тау ұлы», «Самғау», «Шаттану», «Русская плясовая»,  «Ақ Жайық», «Ақбаян», «Кадриль» сынды репертуарындағы жаңа билерімен қуантпақ.

Ағымдағы жылдың 1-ші маусым 31 тамыз аралығында «Наз» мемлекеттік би театры артистері сенбі және жексенбі күндері қаладағы «Астаналық» саябақ, «Жерұйық», «Студенттік» саябақтарында қала қонақтары мен Астана тұрғындары назарына 1 сағаттық концерттік бағдарлама ұсынып келеді. Театр әншілерінің орындауында әндер айтылып, «Наздың» бишілері көрерменін мың бұралған биімен тәнті етуде.

«Наз» мемлекеттік би театрының артистері жазғы еңбек демалысынан шығып, жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, жаңа маусымда «Наз» мемлекеттік би театры хореография мамандығы бойынша оқу орындарын бітірген балет артистерін жұмысқа қабылдады.

Шілденің 3-6 аралығында Астана қаласында дәстүрлі республикалық  «Биле, Астана» фестивалі ел бишілерінің басын қосты. Астананың туған күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың өтуіне мұрындық болған Астана қаласы әкімдігі мен «Наз» мемлекеттік би театры.

«Наз» мемлекеттік би театрының артистері шілденің 7 күні Астана күніне орай, елордадағы «Хан шатыр» кешенінде «EL production company» ЖШС-нің ұйымдастырумен өткен «Мың жылдықтар тоғысындағы Астана» көшпенділер өркениеті фестиваліне қатысты.

Ағымдағы жылдың шілденің 3-і күні республикалық «Сарыарқа» велотрегі спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні Астанадағы «ҚазМедиа» орталығында «Салем, Қазақстан!» жобасының аясында осы маусымдағы «Жасай бер, Астана!» атты соңғы концерт өтті.