naz

Астана қаласы әкімдігі «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-ны  үшін желтоқсан айы еңбектің еленіп, мерейдің үстем болған кезі болды. «Наз» мемлекеттік би театры елордамыздың мәдени дамуына сүбелі үлес қосып, ел алғысын алған кәсіби ұжым. Сан жыл еңбек еткен театр артистерінің бағы жанып, түрлі мемлекеттік марапаттарға ие  болғаны театр үшін зор мәртебе.

Қазақстан Республикасы мəдениет жəне спорт министрлігінің шешімімен "Наз" мемлекеттік би театры директорының орынбасары Дамет Серікбаева, театр артистері Мейрамгүл Айтмағанбетова, Мира Байбулова, Сағит Дүзбаев, Майра Бекенова "Мəдениет саласының үздігі" медалімен марапатталды.

Еліміздің əлеуметтік-мəдени өміріне белсенді араласқаны үшін жəне ҚР Тəуелсіздік мерекесіне орай театрының артистері Маден Асхат пен Амина Самарбаева  ҚР мəдениет жəне спорт министрлігінің арнайы алғыс хатына ие болды.

Сондай-ақ, ҚР мəдениет жəне спорт министрлігінің  "EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұлттық өнеріміз бен мəдениетімізді насихаттауға арналған іс-шараларға зор үлес қосқаны үшін  театр артистері Жұлдыз Бегманова, Айдана Дайрабекова, Наталья Леонтьева және театр қызметкері Қайрат Байжігітов алғыс хатпен марапатталса, Астана қаласы əкімі Ə.Исекешевтың алғыс хатымен театр артистері Азамат Бектемиров пен Маден Зульфия марапатталды.

Ал, Астана қаласының Мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының алғыс хатына Əсел Абжанова мен Бахтияр Бекенов ие болды.

Осындай зор табыстарға жеткен театр ұжымына бұл марапаттар ерекше қуаныш сыйласа, екінші жағынан үлкен жауапкершілікті артады. Жаңа белестер мен тың идеяларды іске асыру театрдың ендігі жоспары болары сөзсіз.  Осы орайда, еліміздегі бірегей театрдың өсіп-өркендеуіне аянбай тер төгіп жүрген театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Қадиша Ағымбаеваның еңбегін атап өтуді азаматтық борышымыз деп санаймыз.