Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
1999 жылдың 9 ақпанында Астана қаласы мемлекеттік филармониясы жанынан «Наз» халық би ансамблі құрылды.
2007 жылдың 1 наурызында қала әкімінің шешімі бойынша, Астана қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры болып өз алдына шаңырақ көтерді.
Театрдың іргетасын қалаған кәсіби хореографтар Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтар.
Директордың орынбасары – Серікбаева Дамет Қайроллақызы
Театрдың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» – Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы
Репертуардағы қойылымдар:
Концерттік бағдарламалармен қатар хореографиялық би спектакльдерінен де құралған.
Жүлделер мен марапаттар:
Театрда 130 қызметкер бар. Шығармашылық құрамы – 65; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» – 2;
“Мəдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегерлері: – 7;
Гастрольдік сапарлар:
«Наз» мемлекеттік би театры «Worldfestival Parad Brunssum» (Еуропа), «Warffum» (Нидерланды), «Алтын Қарагөз» (Түркия), Ресей, Франция, Бельгия, Қытай, БАӘ, Чехия, Болгария, Катар, Норвегия, Израиль, Украина елдерінде болды.
Катардағы Жазғы олимпиада ойындары (2005), VII қысқы Азия ойындары(2011), «Астана 2012 – түркі әлемінің мәдени астанасы» (2012), «Уфа – бірлік пен достастық қаласы» (2012), «EXPO-2017» халықаралық көрмесі сынды ауқымды іс-шараларға атсалысып келеді.
Театрдың басты мақсаты: Ұлттық фольклорды насихаттау және қазақтың ұлттық билерін дамыту