• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Салт-дәстүрім – саф мұрам» концертті

«Салт-дәстүрім – саф мұрам» концертті

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Сіздерді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында өтетін «Салт-дәстүрім – саф мұрам» атты концерттік кешке шақырады!

📅 Өтетін күні: 17 қыркүйек
📍 Өтетін орны: «Наз» мемлекеттік би театры (Көктал-1, Алмалық көшесі, 1)
🕖 Басталуы: 19:00

Керемет концерттің куәсі болыңыздар!

https://ticketon.kz/event/saf-muram

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК 2025 жылдың 17 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің аясында «САЛТ-ДӘСТҮРІМ – САФ МҰРАМ» концерттік бағдарламасын ұсынады.

Бұл өнер кешінің басты мақсаты – халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, наным-сенімін ұлттық би тілі арқылы насихаттау және мәдениетіміздің бай мұрасын кеңінен таныту.

Концерт барысында:

  • Қазақ халқының философиясын бейнелейтін ұлттық билер;
  • Классикалық, эстрадалық, халық әндері;
  • Әлем халықтарының билері ұсынылады.

Сонымен қатар, театрдың талантты әншілері Батима Изенаева, Айсұлтан Басығара, Бауыржан Нұрымбетов көрермен назарына жаңа әндерін ұсынады.

«Наз» театрының» шығармашылық ұжымы ұлттық мәдениетіміздің байлығын насихаттап қана қоймай, түрлі халықтардың биі арқылы достық пен ынтымақтың ортақ құндылықтарын паш етуді көздейді.

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры: Еркебұлан Ағымбаев – ҚР Мәдениет қайраткері

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстер

Концерттің ұзақттығы 1 сағат

Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді «Наз» мемлекеттік би театрының өнерін тамашалап, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Күні: 17 қыркүйек, 2025 жыл

Уақыты: 19.00

Өтетін орны: Астана қаласы, Көктал-1 шағын ауданы, Алмалық, 1;

Байланыс тел.: (71 72) 30 03 09, +7 775 351 2104;

БАҚ бөлімі: +7 701 744 18 69;

Admin-org