• +7 (7172)-30-02-87
  • naz@teatrnaz.kz

«Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары

«Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да (бұдан әрі-Театр) 2025 жылғы 10 маусымнан 2025 жылғы 20 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2025 жылдың 23 маусымынан 2025 жылдың 27 маусымына дейін нәтижелерді ашық талқылау өткізілді.

Жария талқылау шеңберінде ескертулер түспегендіктен, 2025 жылғы 1 шілде айынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың қорытынды нұсқасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

2024 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды орындау бойынша қосымша ақпарат берілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша құжаттама:

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге бұйрық;

 – 2025 жылғы 30 маусымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама;

– Талдау қорытындысы бойынша бұйрық, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары;

– 2024 жылғы 28 маусымдағы театрдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат.

Admin-org