Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК (бұдан әрі — Театр) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. орындау бойынша қысқаша ақпарат:
Талдау жүргізу кезеңі: 01.01.2024 – 31.05.2025
Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні: 30.06.2025
Барлығы 5 ұсыныс енгізілді.
Оның ішінде:
толық көлемде орындалды – 4 ;
ішінара орындалды – 0;
орындалған жоқ – 1;
өзектілігін жоғалтты -0.
Театрда костюмдер мен реквизиттерді жасауды, тігуді және беруді реттейтін ішкі ережені әзірлеу бойынша ұсыныстарды орындау аясында жұмыс жұмыс тәртібімен жүреді.
Жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен мүдделер қақтығысы аймақтарына жататын театр қызметін тұрақты ішкі бақылау бойынша жұмыс жалғасуда. Уәкілетті органның сауалдарына сәйкес театрда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша есептер ұсынылады.
Жаңа қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауы жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік саясатын іске асыру театр қызметкерлері арасында тоқсанына бір рет дәрістер өткізу арқылы жүзеге асырылады. 2024 жылы қызметкерлер үшін төрт дәріс өткізілді, өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат театр сайтында және оның әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша қызметкерлер мен азаматтар тарапынан ұсыныстардың ашықтығы мен қолжетімділігін қолдау жұмыс тәртібімен жүргізіледі. Қазіргі уақытта ұсыныстар болған жоқ.