2024 жылы 24 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да (бұдан әрі-Театр) «Мемлекет шеңберіндегі Сыбайлас жемқорлықтың салдары » тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шараға театр қызметкерлері қатысты. Бұл іс-шараны театрдың комплаенс-менеджері Тәпен Мәди Олжасұлы өткізді. Аталған дәрістер ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған саясатты орындау шеңберінде өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық жаһандық проблема болып табылады және оның теріс әсері дамыған елдерде де, дамушы елдерде де сезіледі. Сыбайлас жемқорлық экономикаға елеулі зиян келтіреді. Бұл инвестициялардың төмендеуіне әкеледі, мемлекеттік институттарға деген сенімді төмендетеді және нарықтық механизмдерді бұрмалайды. Келісімшарттар мен тендерлерді ең білікті компаниялар емес, көп пара бергендер жеңсе, бұл өнім мен қызмет сапасының төмендеуіне әкеледі. Сыбайлас жемқорлығы жоғары елдерде үкіметтер заңсыз қаржы ағындарында үлкен соманы жоғалтады. Дамушы елдер жыл сайын заңсыз қаржы ағындарынан жүздеген миллиард доллар жоғалтады. Бұл инфрақұрылымды дамытуға, білім беруге және денсаулық сақтауға бағытталуы мүмкін ақша.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік негіздеріне нұқсан келтіреді. Ол кедейлік пен теңсіздікті күшейтеді. Азаматтардың өмірін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін ресурстар сыбайлас жемқорлардың қалтасына түседі. Сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдерде әлеуметтік теңсіздік пен байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық артып келеді, сонымен қатар көптеген азаматтар үшін өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Мысал ретінде 2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаға сәйкес Алматы қаласында санитарлық-қорғау аймақтарында құрылыс салу фактілеріне жол берілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көшкіндер, көшкіндер мен сел көшкінінің қауіпті аймағында 5 мыңға жуық ғимарат бар, бұл 29 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық және әлеуметтік факторларының жиынтығы демократиялық институттарға нұқсан келтіреді және мемлекеттік органдарға деген сенімнің әлсіреуіне әкеледі. Азаматтар сайлаудың адалдығы мен әділеттілікке деген сенімін жоғалтады. Бұл саяси тұрақсыздыққа және наразылық сезімдерінің өсуіне әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың ұзақ мерзімді теріс салдары бар. Ол мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін төмендетеді және тұрақты дамуға кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес болмаса, кедейлікті азайту, денсаулық сақтау мен білім беруді жақсарту бойынша күш-жігер пайдасыз болады. Сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдер экономикалық дағдарыстар мен кедейлікке жиі ұшырайды .
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жүргізілуде және соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту үшін қадамдар жасалды.
Transparency International компаниясының 2023 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 97-ші орында . Ұстаным идеалдан алыс болса да, Қазақстан үкіметі жағдайды жақсарту үшін белсенді шаралар қабылдауда. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (UNCAC) қол қойды және осы құбылысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық бастамаларға белсенді қатысады.
Сыбайлас жемқорлық-бұл экономикалық проблема ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және саяси. Оның салдары өмір сапасының төмендеуіне, экономикалық тоқырауға және саяси тұрақсыздыққа әкеледі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін шаралар қабылдануда, бірақ аса маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін құқықтық институттарды нығайту, биліктің ашықтығы мен есептілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Жаһандық тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты күрес мемлекеттің де, азаматтық қоғамның да бірлескен күш-жігерін талап етеді. Тек үйлестірілген іс-әрекеттер ғана сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне және әділ қоғамның құрылуына әкелуі мүмкін.
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да (бұдан әрі-Театр) 2024 жылғы 10 маусымнан 2024 жылғы 20 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
2024 жылдың 24 маусымынан 2024 жылдың 28 маусымына дейін нәтижелерді ашық талқылау өткізілді.
Жария талқылау шеңберінде ескертулер түспегендіктен, 2024 жылғы 1 тамыздан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың қорытынды нұсқасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2023 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды орындау бойынша қосымша ақпарат берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша құжаттама:
– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге бұйрық
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да 2024 жылғы 10 маусымнан 2024 жылғы 20 маусымға дейін «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама жобасы» дайындалды.
2024 жылғы 24 маусымнан 2024 жылғы 28 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілуде.
Мүдделі тараптар үшін талдаумен танысуды сұраймыз.
Талдау бойынша өз ескертулеріңізді поштаға жібере аласыз naz-halik@mail.ru
2023 жылғы 28 шілдеде жария талқылау қорытындысы бойынша жиналыс өткізіледі, барлық мүдделі тараптардың алдын ала хабарланған жағдайда қатысуға құқығы бар.
Қатысуға өтінімдерді, сондай-ақ талдау бойынша өз ескертулерін комплаенс-менеджері Тәпен М.О. WhatsApp 8-747-256-13-69 жіберуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама жобасы
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Өнер – өрісім» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.
Концертте қазақ халқының ұлттық билері және әлем халықтарының билері көрермен назарына ұсынылады. Сондай-ақ, көремен театр әншілерінің репертуарындағы жаңа әндерді тыңдайтын болады.
Театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас балетмейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы
Естеріңізге салып өтейік, 21 мамыр – Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып 1998 жылы бекітіліп, бастапқыда қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланып жүрді. Алайда 2013 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бұл мереке 21 мамырға ауыстырылды.
Өтетін күні: 21 мамыр
Басталуы: 19:00
Мекен жайымыз: Көктал 1ш/а, Алмалық көшесі,1;
Билеттер ticketon.kz нан ала аласыздар!
https://ticketon.kz/event/oner-orisim-kontsert-astana-kalasy
Астана әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры XXIV театр маусымын «АСЫЛ МҰРАМ – ҰЛТТЫҚ БИ» атты концерттік бағдарламамен ашады. Концертте театр репертуарындағы ең үздік билер орындалып, театр әншілерінің орындауында қайталанбас авторлық әндер шырқалады.
Бүгін 2023 жылдың 10 шілде күні Астана қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастырумен Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының іргетасын қалаушылар ҚР Мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев пен театрдың көркемдік жетекшісі, Бас балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қадиша Ағымбаеваның отбасылық архив қорын тапсыру іс-шарасы өтті.
Өтетін күні мен уақыты: 4 шілде 2023 жыл, 19:00
Өтетін орны: «Жастар» сарайы, Республика көшесі, 34;
Астана қаласының 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» атты мерекелік концерті өтеді.
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Наз» мемлекеттік би театрының қызметімен осы өнер ошағының директоры Еркебұлан Ағымбаев таныстырды.
– Балаңыз жыласа, смартфоныңызды бере саласыз ба?
– Балаңыз қарандашпен сурет салудан бұрын гаджетті үйренді ме?
– Психологтың көмегіне жүгіндіңіз бе?
– Балам өз замандастарынан қалмауы керек деп ойлағаныңыз рас па?
– Гаджеттер Сіздің өміріңізде маңызды роль атқара ма?
– Балаңызға өзіңіз армандағандай тәрбие бере алмай жүрсіз бе?
– Желілік ойындардың бала денсаулығына зиян келтіретініне көзіңіз жетті ме?
Құрметті көрермен!
Ұлт болашағына бей–жай қарамайтын болсаңыз, «Усана» қойылымын тамашалап, ақпараттық қолдау білдіріңіздер! Балалық шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл қойылымнан осы сұрақтарға жауап табасыз!
Спектакльдің қоюшы режиссерлері – Арман Баймағамбаев, Ұлан Изенаев, Сағит Дүзбаев
Либретто авторы – Сағаділдә Үсібәлі
Композиторы – Байдалы Рыспанбет
Естеріңізге сала кетейік, либретто авторы Сағаділдә Үсібәлі тұңғыш «Қазақ елі» анимациялық фильмінің сценарийін жазған, балалар тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгер.
Өтетін күні: 17.02.2023
Уақыты: 15.00
Өтетін жері: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты
Мекен-жайы: «Көктал-1» ш/а, Алмалық көшесі, 1;
Байланыс телефондары: +7 775 351 21 04.
Астанада Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Шара Жиенқұлованың 110-жылдығына арналған «Қамажай» I-Республикалық хореографтар байқауының өз мәресіне жетті.
Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және “Астана қаласының мәдениет басқармасы” ММ қолдауымен Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Шара Жиенқұлованың 110-жылдығына арналған «Қамажай» атты I-Республикалық хореографтар байқауының қорытынды кеші өтеді.
Астана қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры МКҚК-ны 25 қазан Республика күнінде елорда тұрғындары мен қонақтарын «РЕСПУБЛИКАМ ҚАЗАҚСТАН» атты концерттік бағдарламасына шақырады.
«НАЗ» мемлекеттік би театры 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Түркияның мәдени астанасы-2022 саналатын Изник қаласында Түрік Республикасы Президентінің, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы, шетелдік түркілер мен туысқан халықтар әкімшілігі, Түрік Республикасының дәстүрлі спорт ойындары федерациясы, «ТҮРКСОЙ»Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшылығы және Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен өтетін «IV Әлемдік көпшпенділер ойынына» қатысады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры МКҚК-ны Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне арналған «ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» атты концерттік бағдарламасымен XXIII маусымын ашады.
Сіздерді 5 шілде 19:00 «Ел жүрегі – Елорда» концерттік бағдарламасын көруге шақырамыз!
Концерт Көктал-1, Алмалық көшесі-1, «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында өтеді.
Елорда тарихы:
1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды.
1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді.
Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық. Биыл қала атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
Қызықты мәліметтер:
1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады.
Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.
Нұр-Сұлтан – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала.
Нұр-Сұлтан – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық.
Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл өзенінде орналасқан.
Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.
«Наз» мемлекеттік би театры 9 маусым 19:00 де «Мың бір түн» ертегісінің желісі бойынша сахаланған «Мың бір түннің бір түні» атты хореографиялық спектакліне шақырады.
Оқиға араб елдерінің ең ірі шаһарының бірінде өтеді. Таң. Қаланың сәулетті ғимараттары мен байлықтары. Калиф Тахир басқарған шаһардың шығыс базары. Саудагерлердің күнделікті базарға дайындық әрекеті. Спектакльдің басты оқиғасы саудагерлердің бұйымдарының арасынан шыққан асыл тасы бар жүзік жайлы. Таңғажайып оқиғаны Шахрезада баяндап отырады.
Қоюшы режиссеры –театрдың бас балетмейстері, көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадиша Ағымбаева
Өтетін күні: 09.06.2022
Уақыты: 19.00
Өтетін жері: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты
Мекен-жайы: «Көктал-1» ш/а, Алмалық көшесі, 1;
Байланыс телефондары: 87753512104
Эл.пошта: naz-halik@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (71 72) 30 03 09, 8 775 351 21 04;
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-ны 2022 жылдың 1 маусымында өз ғимаратында 1 маусым, сағат 17:00 де «Балаларды қорғау күні» мерекесіне арнап «U-Sana» хореографиялық спектаклін ұсынады. Бұл қойылым әртүрлі гаджеттерге қызығып, ғаламтордан шырмалып шыға алмай адасқан балалар жайын қозғайды. Жастарды тәрбиелеуде театрдың атқарар ролі өте жоғары. Сондықтан бұл қойылымды барша оқушылар мен ата-аналарға көруге кеңес береміз. Заманауи хореография лексикасына қойылған бұл қойылым барша көрермендерге ой салатынына сеніміміз зор.
– Балаңыз жыласа, Сіз смартфоныңызды бере саласыз ба?
– Балаңыз қарандашпен сурет салудан бұрын гаджетті үйренді ме?
– Психологтың көмегіне жүгіндіңіз бе?
– Балам өз замандастарынан қалмауы керек деп ойлағаныңыз рас па?
– Гаджеттер Сіздің өміріңізде маңызды роль атқара ма?
– Балаңызға өзіңіз армандағандай тәрбие бере алмай жүрсіз бе?
– Желілік ойындардың бала денсаулығына зиян келтіретініне көзіңіз жетті ме?
Құрметті әріптес! Ұлт болашағына бей–жай қарамайтын болсаңыз, «Усана» қойылымын тамашалап, ақпараттық қолдау білдіріңіздер! Балалық шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл қойылымнан осы сұрақтарға жауап табасыз!
Спектакльдің қоюшы режиссерлері – Арман Баймағамбаев, Ұлан Изенаев, Сағит Дүзбаев
Либретто авторы – Сағаділдә Үсібәлі
Композиторы – Байдалы Рыспанбет
Естеріңізге сала кетейік, либретто авторы Сағаділдә Үсібәлі тұңғыш «Қазақ елі» анимациялық фильмінің сценарийін жазған, балалар тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгер.
Өтетін күні: 01.06.2022
Уақыты: 17.00
Өтетін жері: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты
Мекен-жайы: «Көктал-1» ш/а, Алмалық көшесі, 1;
Байланыс телефондары: 87753512104
Эл.пошта: naz-halik@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (71 72) 30 03 09, 8 775 351 21 04;
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аяулы Ана» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.
Театр ұжымы ең үздік би қойылымдарын тарту етеді. Сонымен қатар, театрдың солистері әлемдік опера классикасынан және қазақтың халық әндерін, лирикалық эстрадалық әндер мен романстарды орындайды.
Күні:04.03.2022
Уақыты:17:00
Өтетін жері: Көктал-1,
Алмалық көшесі-1;
«Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты
5,8,54 автобустар жүреді
Байланыс телефондары: +7(7172) 30 03 09;
87753512104
Государственный театр танца «Наз» акимата города Нур-Султан 28 декабря для жителей столицы представляет хореографический танцевальный спектакль «Одна ночь из тысячи».
Хореографический спектакль пройдет в одном из крупнейших городов арабской страны. Сюжет о любви сапожника Маруфа и принцессы Эсмигуль. Основной сюжет спектакля о жемчужном кольце украшенное драгоценными камнями.
Хореографический спектакль создан по мотивам восточной сказки «Тысяча и одна ночь» где под волшебную восточную музыку повествуется добро и зло, ревность и разочарование, любовь и счастье.
Художественный руководитель театра танца «Наз», главный балетмейстер, Заслуженный деятель РК Кадиша Агимбаева: «В этом спектакле вы можете лицезреть все прелести восточной красоты яркие костюмы и красивые декорации, дорогие материалы костюмов, великолепное украшение не оставить ни одного зрителя равнодушным.
Адрес:м-р Коктал-1, улица Алмалык, 1;
Дата: 28.12.2021
Время: 15:00, 17:00;
Конт телефоны:8 (71 72) 30 03 09, 8 708 184 72 20;
Фестивальге «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры үздік қойылымдарын ұсынады. Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, сондай-ақ елордалық қуыршақ театры, музыкалық жас көрермен театры, «Жастар», «Наз» мемлекеттік би театры, «Astana Musical» театры да өз өнерлерін паш етеді. Фестивальдің құрметті қонақтары ретінде елордаға Кіші Bronnaya Мәскеу драма театры және мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымдары шақырылды.
Фестиваль аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» МКҚК 29 қазан 11.30 Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектаклінің премьерасын ұсынады. Либретто авторы – ҚР Мәдениет қайраткері Е.Ағымбаев.
Сондай-ақ, 31 қазан күні қазақтың көне тарихынан сыр шертетін VI-XI ғасырлар аралығында қазақ жерін мекендеген Cақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, одан әрі Түрік қағанатының құрылуы кезеңдерін бейнелейтін «Тұйғындар» хореографиялық қойылымын ұсынады.
Балетмейстері, қоюшы-режиссері, идеясы және либретто авторы, жоба жетекшісі – Е. Ағымбаев
Қоюшы балетмейстерлері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Ағымбаева, Мирамгүл Айтмағамбетова
Композитор – Байдалы Рыспанбетов
Аранжировкасын жасаған – Хамит Шанғалиев
Сценограф – Манарбек Қарымсақов
Ғылыми кеңесші – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Түркітану-алтайтану орталығының директоры, доктор, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы
Билеттерді тикетон сайтынан ала аласыздар.
https://ticketon.kz/event/azim-angimesy
https://ticketon.kz/event/tuigyndar
«Наз» мемлекетік би театрының мекен-жайы: Көктал-1 ш/а, Алмалық көшесі 1-үй.
Құрметті көрермен!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК XIII маусымының жабылуына орай Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» қойылымын ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» 4 шілдеде Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі бойынша қойылған хореографиялық спектакль премьерасын өткізген болатын.
Бұл қойылым Абай Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады.
Либретто авторы –ҚР Мәдениет қайраткері Е.Ағымбаев
Би өнерін дәріптеуші көрермен! Баршаңызды екінші премьераны тамашалауға шақырамыз.
Билеттерді театр кассасынан ала аласыздар. Билет құны 1000 теңге.
Ескерту!
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты театрға келетін көрермендер орны шектеулі. Мерекелік кешімізге келетін көрермендерімізден қауіпсіздік шараларын ұстанып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанып, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз.
Мекен-жайымыз: Көктал – 1 ш/а, Алмалық көшесі -1;
Театрға 5, 5а, 54 автобустар қатынайды.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры мен Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» №3 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАЛАЛАР» атты мерекелік іс-шара өтті. Балаларды қорғау күніне арналған бұл қуанышты мерекенің қонақтары «Меруерт» балабақшасының балақайлары.
Театр ғимаратына кірген бүлдіршіндерді театр артистері анимациялық фильмдердегі кейіпкерлер костюімен қарсы алып, би билеп қуаныш сыйлады. Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – балаларды қуыршақ театрымен таныстыру. Сол негізде мерекелік жобаға арнайы арнайы қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театрының артисі, ҚР Мәдениет қайраткері Досымхан Бейсенбаевпен, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ақын Қуат Ежемебек шақырылды. Кеш қонақтары балаларға қуыршақ театры деген қандай болады, қуыршақтармен қалай жұмыс істейтіні жөнінде ақпарат беріп, сөйлетіп көрсетті.
Актер Досымхан Бейсенбаев қуыршақтардың екі қарапайым түрі – саусақ қуыршақтан бастап, қол қуыршақ,таяқша қуыршақ, марионент және көлеңкелі қуыршақ туралы балаларға қызықты ақпараттар беріп, балаларды қуыршақ әлеміне жетеледі. Араларында қуыршақ театрын көрмеген балақайларды әсерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кешті ұйымдастырған әкімгер Айсұлтан Басықара, баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Сұлтан, кітапханашы Айнаш Сафарқызы балаларды мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта театрмен бірге етене жұмыс істеуге шақырды.
Барлық ата-аналарға айтарымыз, балаларыңызды кішкентайтан театрға апарып, әдебиет пен өнерге баулыңыздар. Бойларындағы кішкенай жұлдызды жағуға ықпал етіңіздер! Балаларымыз бақытты болсын!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Туым-намыс, ұраным-бірлік» атты концерттік бағдарламаны ұсынады.
Концерттік бағдарламада елімізде бір тудың астында мекен етіп жатқан ұлт пен ұлыстардың билері мен әндері орындалады. Кешті театр артистері жүргізеді.
Концерт онлайн форматта өтеді.
Керемет кештің куәсі болыңыздар!
«Ashyq» пилоттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК 2021 жылдың 1 мамырынан бастап өтетін спектакльдер мен концерттік бағдарламалардың көрсетілімін көрермен назарына қайта ұсынатынын хабарлаймыз.
Билеттерді сатып алмас бұрын, Ashyq қосымшасын осы QR арқылы мәртебеңізді тексере аласыз.
ASHYQ-Қазақстан азаматтары арасында COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында әзірленген мобильді қосымша. Оның көмегімен ПТР-зерттеулердің бірыңғай базасынан және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығынан қоғамдық мекемелерге әрбір келушінің «мәртебесі» тексеріледі.
Кіру ASHYQ жүйесінде міндетті сканерлеуден кейін ғана рұқсат етіледі.
«Ashyq» қосымшасын AppStore және Google Play-ден жүктеуге болады.
ҚОЛДАНБАНЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
1. Сізге Ashyq қосымшасын жүктеу және ЖСН-ді пайдалана отырып, онда тіркеуден өту қажет. Нысанға кіре берісте арнайы QR – код орналастырылады.
2. Оны кіре берісте сканерлеңіз және тексеру нәтижесін күтіңіз!
Ол төменде көрсетілгендей болуы мүмкін:
Қызыл – covid-19 үшін оң нәтиже беретін базада тіркелген. Объект қызметкерлері билет болған жағдайда да сізге келуден бас тартуға құқылы. Оны басқа күнге тапсыру немесе айырбастау қажет болады.
Сары – деректер базасында COVID-19 сынағы оң болған адаммен байланыс ретінде көрсетілген. Бұл жағдайда объект қызметкерлері билет болған жағдайда да сізге барудан бас тартуға құқылы. Оны басқа күнге тапсыру немесе айырбастау қажет болады.
Көк – ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, Байланыс ретінде саналмайды.
Сізге нысанға кіруге рұқсат етіледі.
Жасыл – деректер базасында covid-19-да теріс нәтиже беретін ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген. Сізге нысанға кіруге рұқсат етіледі.
Маңызды ақпарат!
Растау суреті, егер сіз Қоғамдық ұсыныспен бекітілген билеттерді қайтарудың стандартты мерзімінен кейін жүгінген болсаңыз да, сатып алынған билеттің ақшасын қайтарып ала алалыз. Әйтпесе, қолдау операторы сізге ақшаны қайтарудан бас тартуға құқылы.
Сатып алушы электронды билетті қайтарған жағдайда, Оператор сатып алушыға қаражат қайтару кезінде Қызмет ақысын ұстап қалуға құқылы. Кез-келген санаттағы іс-шараларға сатып алынған билетті қайтару кезінде ұстау қызметінің ақысы билеттің номиналды құнының 5% құрайды немесе 250 теңге, егер ұстау мөлшері 250 теңгеден кем болса.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге!» атты концертін ұсынады.
Концерт шымылдығы «Гәкку» биімен ашылады. Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, елімізге танымал хореограф Анель Марабаева көрерменге «Үнді биін» тарту етпекші. Сондай-ақ, кеште «Буын биі», «Секіртпе», «Пироги с сыром», «Қатық», «Тау ұлы», «Наз бике», «Богатая невеста», «Шашу биі», «АНА» билерін театрымыздың талантты артистері еліміздің арулары мен аяулы аналарына тарту етіледі.
Кешіміз тек би емес әсем әндермен де толықтырылған. Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы, композитор, жыршы-термеші Зағипа Иманғазиева мен опера әншісі Батима Изенаева әннен шашу шашады.
Кешті театрымыздың балет артистері жүргізеді.
Ескерту!
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты театрға келетін көрермендер орны шектеулі. Мерекелік кешімізге келетін көрермендерімізден қауіпсіздік шараларын ұстанып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанып, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз.
Өтетін күні: 5 наурыз 2021 жыл
Өтетін орны: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты
Мекен-жайы: Көктал-1, Алмалық көшесі-1;
Басталуы:18.00
Билеттер бойынша ақпаратты 87477985615 номерінен біле аласыздар.