• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Универсиаданың салтанатты ашылу

Универсиаданың салтанатты ашылу

2017 жылы 29 қаңтарда XXVIII Халықаралық қысқы Универсиаданың құрметіне арнайы салынған «Алматы арена» спорт кешенінде өткен Универсиаданың  салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Халықаралық студенттер федерациясының президенті Олег Матыцин және өзге де бірқатар мәртебелі меймандар қатысты. Елімізде тұңғыш рет өткен спорт мейрамының ашылу рәсімінің тұжырымдамасы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идеяға негізделген.

Ол – «Кіріспе», «Энергия: Жер, су, жел, от» және «Болашақ» деп аталатын негізгі бөліктен тұрады. Театрландырылған қойылымның басты тақырыбы Қазақстан Ұлы дала дәуірінен қазіргі заманға дейінгі тарихына сондай-ақ, еліміздің болашақ жоспарларына арналған ауқымды кешті Республикамыздың барлық өңірі және дүнйежүзінің спорт сүйер қауымыда тікелей эфирде тамашалады.

Осындай мәртебелі салтанатқа Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының директор орынбасары Серікбаева Дамет Қайроллақызы және театрымыздың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»  Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызының жетекшілігімен  «Наз» мемлекеттік би театрының артистері театрланған көріністерге және әр түрлі би сахынасына қатысып, көрермендер  мен шетелдік меймандардың ерекше ықыласына бөленді.

maxioma