• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Қобыз сарындары

Қобыз сарындары

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Оразбаева шығыстың ғұлама ойшылы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Қобыз сарындары» атты лекция-концерт өткізетіндігін хабарлаймыз. Кеште театр артистері ұлттық биден шашу шаса, танымал әншілер Зағипа Иманғазиева, Батима Изенаева әсем әндерін тарту етпекші. Сондай-ақ, қобыз өнерінің майталманы Р.Оразбаеваның жетекшілігімен «Қобыз-Рух» ансамблі өнер көрсетеді.

«Қобыз» аспабы әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі болып саналады. Ал түркі халықтарының ішінде қобыз өнерін дамытқан әрі жалғастырушы «қазақ» халықы. Лекция-концерттен көрермен дала сарынымен сусындап, рухы биіктейді деп сенеміз.

Естеріңізге салып өтейік, Раушан Оразбаева қазақ мәдениетін Түркия, Иран, Малайзия, Франция, Италия, Англия, Испания, Нидерланды, Жапония, Австрия, Белгия, Швейцария, Германия, Үндістанда насихаттап, жеке концерттер қойған өнер майталманы. «Ақулар сазы» атты оқу-әдістемелік кітабының авторы.

Өтетін күні: 7 наурыз 2020 жыл

Өтетін орны: «Наз» мемлекеттік би театры

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал ш/а-1, Алмалық көшесі 1;

Басталуы: 15.00

admin2