• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАЛАЛАР!

БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАЛАЛАР!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры мен Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» №3 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАЛАЛАР» атты мерекелік іс-шара өтті. Балаларды қорғау күніне арналған бұл қуанышты мерекенің қонақтары «Меруерт» балабақшасының балақайлары.
Театр ғимаратына кірген бүлдіршіндерді театр артистері анимациялық фильмдердегі кейіпкерлер костюімен қарсы алып, би билеп қуаныш сыйлады. Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – балаларды қуыршақ театрымен таныстыру. Сол негізде мерекелік жобаға арнайы арнайы қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театрының артисі, ҚР Мәдениет қайраткері Досымхан Бейсенбаевпен, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ақын Қуат Ежемебек шақырылды. Кеш қонақтары балаларға қуыршақ театры деген қандай болады, қуыршақтармен қалай жұмыс істейтіні жөнінде ақпарат беріп, сөйлетіп көрсетті.
Актер Досымхан Бейсенбаев қуыршақтардың екі қарапайым түрі – саусақ қуыршақтан бастап, қол қуыршақ,таяқша қуыршақ, марионент және көлеңкелі қуыршақ туралы балаларға қызықты ақпараттар беріп, балаларды қуыршақ әлеміне жетеледі. Араларында қуыршақ театрын көрмеген балақайларды әсерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кешті ұйымдастырған әкімгер Айсұлтан Басықара, баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Сұлтан, кітапханашы Айнаш Сафарқызы балаларды мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта театрмен бірге етене жұмыс істеуге шақырды.
Барлық ата-аналарға айтарымыз, балаларыңызды кішкентайтан театрға апарып, әдебиет пен өнерге баулыңыздар. Бойларындағы кішкенай жұлдызды жағуға ықпал етіңіздер! Балаларымыз бақытты болсын!

admin2