• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

“НАЗ” мемлекеттік би театры XXIII маусымын ашады

“НАЗ” мемлекеттік би театры XXIII маусымын ашады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры МКҚК-ны Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне арналған «ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» атты концерттік бағдарламасымен XXIII маусымын ашады.

Съезге әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Аталған форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ. Сондықтан да бұл съез тақырыбы өте өзекті. Діндер мен мәдениеттер, өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуге бағытталған еліміздегі ең маңызды халықаралық іс-шаралардың бірі.

«ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» атты концерттік бағдарламасының да негізгі идеясы – әлемді бейбітшілік, адамгершілік, қоғамдық келісім, өзара қолдау сияқты идеялар аясына топтастыру деп айтуға болады.

«Наз» мемлекеттік би театры – Елордамен бірге өсіп келе жатқан хореографиялық ұжым. Театр репертуары әлем халықтарының түрлі билерінен, хореографиялық қойылымдар мен композициялардан тұрады. Театр елордамыздағы және одан тыс жерлердегі барлық мәдени-көпшілік мерекелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы.

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері
Өтетін күні: 14.09.2022
Уақыты: 17.00
Өтетін жері: «Жастар» сарайы
Мекен-жайы: Республика көшесі, 34;
Эл.почта: naz-halik@mail.ru
Сайт: http://teatrnaz.kz
Байланыс телефоны:8 (71 72) 30 03 09, 8 7753512104;

admin2