• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Қамажай» I-Республикалық  хореографтар байқауының жүлдегерлері анықталды         

«Қамажай» I-Республикалық  хореографтар байқауының жүлдегерлері анықталды         

Астанада Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Шара Жиенқұлованың 110-жылдығына арналған «Қамажай» I-Республикалық  хореографтар байқауының өз мәресіне жетті.

Бұл байқау жыл бойы еліміздің өңірлерін аралап, хореографтардың жұмысын анықтауға мүмкіндік туғызды. Мамандар еліміздің барлық өңірлеріне арнайы барып, би ансамбльдерінің қал-жағдайымен танысты. Жүйріктерді анықтады. Еліміздегі тұңғыш ұйымдастырылған хореографтар байқауы «Астана Опера» опера және балет театрының кіші залында «Түркі халықтарының би мәдениетінің симбиозы» атты ғылыми-практикалық конференциямен қорытындыланды.

Конференцияны ҚР мәдениет қайраткері, «НАЗ» мемлекеттік би театрының директоры, «Хореоргафия өнерінің қайраткерлер қоғамы» төрағасы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы құттықтау сөзбен ашты.

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі,  өнертану кандидаты, Қазақ  ұлттық хореография академиясының профессоры  Ізім Тойған Оспанқызы «Шара Жиенқұлованың жан-жақты шығармашылығының жалғасы болған байқаулардың қазақ биінің дамуына қосқан үлесі» деген тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ, өнертану кандидаты, профессор Г.Саитова,  ҚР мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы,  профессор А.Құлбекова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Шапағат» медалінің иегері, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Жорға» би ансамблінің жетекшісі                                                                                                            С.Сариев, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстазы С.Джубатчанова, Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Би» мамандығының оқытушысы, педагог-хореограф Ә.Хамзина,   ҚР Мәдениет саласының үздігі, өнертану магистрі А.Умашева, Қазақ ұлттық хореография академиясының магистранты Х.Махмутова,  М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық Өнер мектебінің «хореография» бөлімінің зерттеушісі,  мәдени-демалыс жұмысы бойынша ғылым магистрі Ә. Ыдырысова, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының « Алтынай»  мемлекеттік халық биі ансмабілінің көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі,  Ш. Жиенқұлова атындағы  Республикалық байқаудың лауреаты,   Алматы облысы  «Би әлем»   хореография орталығы қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Б.Ағияр баяндама жасап, тыңдаушылармен пікір алмасты.

Ал жүлдегерлерді анықтайтын Гала концерт «Астана Концерт залында» өтті.

Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Шара Жиенқұлованың 110-жылдығына арналған «Қамажай» I-Республикалық  хореографтар байқауының Бас жүлдесін Астаналық хореограф Ұлан Изенаев иеленді.

1-орын  Ислямова Анель (Астана)

2-орын Ағияр Бегзат  (Талдықорған)

3-орын Сариева Айнұр (Ақтау)

 

Дипломанттар:

 

Турдиева Азиза  (Шымкент)

Тәуірханова Гүлсая (Ақтау)

Елеусінов Исатай (Атырау)

Тасбулатова Ақмарал (Орал)

Кенжебаева Мақпал (Қызылорда)

 

Арнайы диплом:

 

«Қазақ КСР халық әртісі Зәуірбек Райбаев атындағы арнайы жүлде» Әдепхан Шұғыла (Астана)

«Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, балетсейстер, профессор М.Тілеубаев атындағы арнайы жүлде» Қожахметов Тимур (Өскемен)

«Қазақстанның Халық артисі, өнертану кандидаты, профессор Дәурен Әбіров атындағы арнайы жүлде» Әжібекова Зәуре «Шымкент)

«Қазақ КСР халық суретшісі,  режиссер, актер Ә.Исмаилов атындағы арнайы жүлде» Қонарбаева Айжан (Тараз)

«ҚР мәденеиет қайраткері, биші-педагог Үсен Мақан атындағы арнайы жүлде» Исаева Маржан (Шымкент)

Шын жүйріктердің байқауына төрелік ету оңайға соқпады. Барлығы да қазақ би өнерімен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұжымдар. Бұл байқаудың ерекшелігі би ұжымдарына емес, би қоюшы хореографтардың еңбегін бағалау. Қазақстанда алғаш өтіп отырған бұл байқаудың би өнерінде жүрген мамандарға берері көп. Барлық қатысушыларды лайықты марапатымен құттықтап, қазақ би өнерінің көкжиегін кеңіте беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

«Би падишасы» атанған Шара Жиенқұлова апамыздың 110 жылдығы осындай сәулелі сәттерімен есте қалды. Ал келесі жылы қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Тапалованың 100 жылдығы. Бұл мерейтой Республикалық деңгейде, өз биігінде аталып өтеді деп үміттенеміз.

Толқын Сұлтан

Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі

#Қамажай #Қамажайконкурсы #КонкурсКамажай #конкурсхореографов

admin2