— Балаңыз жыласа, смартфоныңызды бере саласыз ба?
— Балаңыз қарандашпен сурет салудан бұрын гаджетті үйренді ме?
— Психологтың көмегіне жүгіндіңіз бе?
— Балам өз замандастарынан қалмауы керек деп ойлағаныңыз рас па?
— Гаджеттер Сіздің өміріңізде маңызды роль атқара ма?
— Балаңызға өзіңіз армандағандай тәрбие бере алмай жүрсіз бе?
— Желілік ойындардың бала денсаулығына зиян келтіретініне көзіңіз жетті ме?
Құрметті көрермен!
Ұлт болашағына бей–жай қарамайтын болсаңыз, «Усана» қойылымын тамашалап, ақпараттық қолдау білдіріңіздер! Балалық шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл қойылымнан осы сұрақтарға жауап табасыз!
Спектакльдің қоюшы режиссерлері — Арман Баймағамбаев, Ұлан Изенаев, Сағит Дүзбаев
Либретто авторы — Сағаділдә Үсібәлі
Композиторы — Байдалы Рыспанбет
Естеріңізге сала кетейік, либретто авторы Сағаділдә Үсібәлі тұңғыш «Қазақ елі» анимациялық фильмінің сценарийін жазған, балалар тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгер.
Өтетін күні: 17.02.2023
Уақыты: 15.00
Өтетін жері: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты
Мекен-жайы: «Көктал-1» ш/а, Алмалық көшесі, 1;
Байланыс телефондары: +7 775 351 21 04.