• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 5 шілде 19:00 «Ел жүрегі — Елорда» концерттік бағдарламасын көруге шақырамыз!

Концерт Көктал-1, Алмалық көшесі-1, «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында өтеді.

Елорда тарихы:
1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды.
1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді.
Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық. Биыл қала атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

Қызықты мәліметтер:

1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады.
Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.
Нұр-Сұлтан – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала.
Нұр-Сұлтан – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық.
Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл өзенінде орналасқан.
Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.

admin2