Рысқалиев Ақон Адиетұлы – 04.04.1985 жылы Батыс-Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, Қайынды ауылында дүниеге келген.
2002-2006 ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнер» даярлау бағыты бойынша бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілген маман.
Шығармашылық еңбек өтілі 01.09.2005 жылы Орал қаласы облыстық филармониясында балет артисі қызметінен басталды.
Республикалық, облыстық, қалалық мәдени іс-шараларда белсене қатысып, өзін жоғары дәрежелі биші екенін әр уақытта көрсете біледі. Ақонның адамгершілігі, қадыр-қасиеті мол, еңбекке деген ынтасы зор, өзінің сыпайы мінезімен театрдың артистерімен қарым-қатынасы өте жақсы.
«Наз» театры құрамында жүріп көптеген жетістіктерге қол жеткізді:
2006 ж. «Қосалқа» халықаралық фестивалінің дипломанты;
2007 ж. «Шабыт» халықаралық фестивалінде дипломммен марапатталды;
2012 ж. – «ТЮРКСОЙ» бас хатшысы Д.Қасейіновен «Алғыс хат»;
2012 ж. – Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұловтан «Алғыс хатымен» марапатталған.
Қазіргі уақытта А.Рыскалиевтың кәсіби биші ретіндегі үлкен тәжірибесі, сахнадағы ұстамы, әр биді көрерменге жеткізу қабілеті бар.
— 2011 жылы Тұңғыш рет Қазақстан Республикамызда Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-ның шығармашылық құрамы оның ішінде А.Рыскалиев Астана күніне және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай КСРО «Халық әртісі», «Халық қаһарманы», күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің ұлы музыкалық шығармаларын негізге ала отырып, хореография тілімен «Нұрғиса» атты би спектаклінің премьерасын үлкен шеберлікпен Астана тұрғындары мен қонақтарына көрсетті.
Сонымен қатар, 30.01.2013 жылы К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театрында өткен «Мың бір түннің бір түні» атты би спектаклінде өз өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Ақон Рыскалиев «Наз» би театры ұжыммен бірге – елімізде, көрші, шет мемлекеттерде өтетін барлық мәдени-бұқаралық, мерекелік іс-шаралардың, Азия ойындары, байқаулар мен фестивальдардың белсенді қатысушысы. Сондай-ақ, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, (Египет) Араб әмірліктерінде ұлттық би өнерін насихаттап, қазақ биінің ғажайып қырларын көрсетіп жүрген өнерлі азамат.
Бүгінде Ақон өзінің би әлеміндегі үлкен тәжирибиесінің арқасында театрымыздың алдыңғы қатардағы балет артисі болып саналады, өйткені, репертуарымыздағы «Мың бір түн» спектакілінде және «Қатық» атты Башқұрт биінің басты партияларын жоғары деңгейде сомдайды.
Ақон Адиетұлы өнер жолындағы алға қойған ең басты мақсаттарының бірі – Алаштың кіндік шаһары Астанада би өнеріне ерекше талғампаздықпен қарап, өзіміздің ұлттық нақыштағы халық ойындарын, салт-дәстүрлерін би тілімен үлкен сахна төріне шығарып, өскелең ұрпаққа мәні мен мазмұнын ұғынуға, насихаттау болып табылады.