Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Call – орталық жұмыс істейді. Call – орталықтың негізгі міндеті азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.
Call – орталыққа қоңырау шалу «1424» нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) республика бойынша қалалық телефондардан және барлық ұялы байланыс операторларынан жүзеге асырылады.
Сіз өтінішті тиісті мемлекеттік органға Е-OTINISH порталы арқылы жібере аласыз
E-OTINISH — азаматтарының электрондық өтініштері мен онлайн петицияларын қабылдау мен өңдеудің Қазақстан Республикасының ресми сайты.
Театр аясында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар немесе қызметкерлердің лайықсыз мінез-құлқы анықталған жағдайда, сіз 8-747-256-13-69 нөмірі бойынша театрдың комплаенс-менеджер Тәпен М.О. жүгіне аласыз.
E-OTINISH порталы арқылы театрға өтініш жазу үшін мемлекеттік ұйымдар тізіміндегі порталда келесі атауды енгізіңіз.: Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Өтініш берген кезде келесі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу маңызды:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
– Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі