• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Умашева Аяжан Молдағалиқызы

1977 жылы 11 қарашада БҚО, Орал қаласында туған.

1994-1998 жылдар арасында Дәулеткерей атындағы БҚО өнер университетін «хореография пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1994-2000 жылдары Орал қаласындағы «Ақ жайық» ән-би ансамблінде жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап «Наз» мемлекеттік би театрында қызмет етіп келеді.

2013 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» медалімен наградталды.