Астанадағы «SOS Балалар қалашығында» жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Қуан, Сәби!» акциясы болып өтті. «Қуан, сәби!» акциясының мақсаты— жетім балаларды отбасына орналастырудың альтернативті формаларын дамыту.Бұл күні барлық жандар үшін балалар қалашығының есігі ашық болды.
Кездесуге мемлекеттік құрылым: Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері; экс депутат, видео-блогер Бердоңғаров Тәңірберген Маратұлы, және «SOS Қазақстан балалар қалашығы» корпоротивті қорының өкілдері, №37, №22, №32 мектептердің әлеуметтік педагогтары, мектеп инспекторы, SOS отбасылық жұптары, SOS тәрбиешілері, қамқоршылар отбасылары және Балалар қалашығының әкімшілігі қатысты. Сондай-ақ, балалар тағдырына бей-жай қарамайтын жандар атсалысты.
Мерекенің басты идеясы – Астанадағы Балалар қалашығындағы тәрбиеленушілерінің талантты, жан-жақты екенін қонақтарға көрсету.
Балалар әндерімен, билерімен, жүректен шыққан жырларымен көрермендерді баурап алса, әсіресе Сартаева Индираның «Менің отбасым» атты өлеңі қонақтарды таң қалдырды.
Балаларды дамыту орталығындағы менталды арифметикаға қатысатын оқушыларды халықаралық ESMA мектебінің сертификаттарымен марапаттау іс-шараның ең салтанатты кезеңі болды.
Мерекенің соңындағы ең маңыздысы, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының қайырымдылық мақсатпен қойылған «У-сана» спектакалі болды.
Қойылым компьютерге тәуелділікті, гаджеттерден алған психологиялық соққыдан қалай құтылудың жолын қарастырады. Либретто бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, гаджетке тәуелділік мәселесін көтереді.
Тамаша кештің әсерін В.Гюгоның «Бала – дегеніміз болашақ. Бала – періште. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұнық болса, көңілдері де сондай мөлдір!» cөзімен аяқтағымыз келеді.