• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК» онлайн форматта «Уақыт-Өмір» атты жастарға арналған философиялық, хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізіп XIII маусымын ашты.

Жаңа маусымда көрерменге жол тартқан бұл қойылым театр репертуарындағы алғашқы музыкалық туынды.  Бұл қойылымда ән де би де шырқалды. Бұл театр артистері үшін шығармашылығын шыңдауға зор мүмкіндік. Қойылым бүгінгі күннің тынысын бейнелейтін философиялық бағыттағы заманауи спектакль. Қоюшы хореограф осы театрда қызмет еткен, қазір Санкт-Петербургте білімін ұштап жатқан маман Светлана Доминская.

Светлана Доминская (қоюшы хореограф): «Бұл менің хореограф ретінде алғаш қойған спектаклім. Спектакль қою оңай шаруа емес. Мен бұл қадамды жасау үшін іштей ұзақ дайындалдым. Себебі 2-3 минуттық би қоюға үшін де көп толғанып, ізденуің қажет. Бұл  қойлымды қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтын, көзі қарақты көрерменге арнаймыз. Спектакль – қоғамдағы адами құндылықтардың жоғалуын,  экологияны бұзылып жатқанын тілге тиек етеді.

Бұл қойылымды бірнеше бөлімге бөлдім. Нақты айтар болсам, оқиғалар мейрамхана, сұлулық салоны, бақ, метро сияқты жерлерде өтеді. Басты кейіпкерлер осы жерлерге барған сайын бай балалары мен әйелдерінің ақшаның буына мас болып, ештеңенің қадіріне жетпей жүргені суреттеледі. Адамдардың бір-біріне деген сенімінің жоғалуы, табиғатты бағаламай, экологияны ластауы хореография тілімен көрсетіледі.

Сондай-ақ қазіргі таңда сәннен қалмаймын деп, тән сұлулығына құмартып жүргенде жан сұлулығын ұмытқан қыздар, қоғамдық орындарда,  айналасымен санаспау, құрметсіздік таныту, қоршаған ортасын сыйламау, адамдардың бір-біріне безбүйректігі би қимылдары арқылы суреттеледі.

Қойылым соңында жағымсыз кейіпкерлердің ой-санасы түзеліп, ақиқат орнап, мейірімділік салтанат құрады».

admin2