• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Елордада «Театр all Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді

Елордада «Театр all Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді

Фестивальге «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры үздік қойылымдарын ұсынады. Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, сондай-ақ елордалық қуыршақ театры, музыкалық жас көрермен театры, «Жастар», «Наз» мемлекеттік би театры, «Astana Musical» театры да өз өнерлерін паш етеді. Фестивальдің құрметті қонақтары ретінде елордаға Кіші Bronnaya Мәскеу драма театры және мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымдары шақырылды.

Фестиваль аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры» МКҚК 29 қазан 11.30  Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімесі» шығармасының желісі  бойынша қойылған хореографиялық спектаклінің премьерасын ұсынады. Либретто авторы – ҚР Мәдениет қайраткері Е.Ағымбаев.

Сондай-ақ, 31 қазан күні қазақтың көне тарихынан сыр шертетін VI-XI ғасырлар аралығында қазақ жерін мекендеген Cақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, одан әрі Түрік қағанатының құрылуы кезеңдерін бейнелейтін «Тұйғындар» хореографиялық қойылымын ұсынады.

Балетмейстері, қоюшы-режиссері, идеясы және либретто авторы, жоба жетекшісі – Е. Ағымбаев

Қоюшы балетмейстерлері  –  ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Қ.Ағымбаева, Мирамгүл Айтмағамбетова

Композитор – Байдалы Рыспанбетов

Аранжировкасын жасаған – Хамит Шанғалиев

Сценограф – Манарбек Қарымсақов

Ғылыми кеңесші – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Түркітану-алтайтану орталығының директоры, доктор, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы

Билеттерді тикетон сайтынан ала аласыздар.

https://ticketon.kz/event/azim-angimesy

https://ticketon.kz/event/tuigyndar

«Наз» мемлекетік би театрының мекен-жайы: Көктал-1 ш/а, Алмалық көшесі 1-үй.

admin2