• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс

«Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс

2023 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да (бұдан әрі-Театр) «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс  өткізілді. Іс-шараға театр қызметкерлері қатысты. Бұл іс-шараны театр комплаен-менеджер Тәпен Мәди Олжасұлы өткізді. Аталған дәрістер ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған саясатты орындау шеңберінде өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік қызметшілердің немесе оларға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген. Тақырып аясында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс қаралды. Бойынша ақпарат берілді 34-тарау «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» және оған енгізілген баптар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаларды көрсете отырып.

676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi

Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi

  1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiбасқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтiжүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы

Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы – осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы

Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау

Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, тақырып шеңберінде Кодексте 439-бап «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат» көзделген.

  1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
  2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
  3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдем көрсететін адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жария ету «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалу арқылы хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекетке қандай да бір жолмен жәрдемдескен адамдар материалдық көтермеленетін болады.

maxioma