Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал.
Оның негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келер еді»,-деп атап өтті. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Адамның жан – дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы тыңдау пайдалылығы анықталуда. Осы мақсатта «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымы 18 қаңтарда сағат 11:00 де Астана қаласының білім басқармасы «№2 Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінде болып, концерттік бағдарламаларын ұсынды. Емделуші балақайлар бірге ән шырқап, би билеп көңілденіп қалды. Ал, ата-ана үшін балаларының күлкісінен артық бақыт жоқ. Концертті тамашалаған қауым алғыстарын айтып шығарып салды.