• +7 (7172)-30-02-87
  • naz@teatrnaz.kz

Республика күніне арнап «АҢСАҒАН АРМАН» атты концерттік бағдарламасын ұсынады

Республика күніне арнап «АҢСАҒАН АРМАН» атты концерттік бағдарламасын ұсынады

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының артистері

танымал әнші, актер, «Мәдениет саласының үздігі» Бауыржан Нұрымбетов пен белгілі лирикалық сопрано Батима Изенаева Республика күніне арнап «АҢСАҒАН АРМАН» атты  концерттік бағдарламасын ұсынады.

 

Қос өнер иесі көп жылдан бері «Наз» мемлекеттік би театрында еңбек етіп, Елорданың мәдени-рухани дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Олардың шығармашылық жолы жаңа Астананың өркендеуімен, қазақ ән өнерінің өрісін кеңейтумен тығыз байланысты.

 

Орындаушылар туралы:

 

Батима Изенаева — Қазақ Ұлттық Музыка академиясының түлегі, лирикалық сопрано.

— Астана қаласы Мемлекеттік филармониясында жеке орындаушы, «Астана Опера» театрының хор әртісі қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бері «Наз» мемлекеттік би театрының жеке орындаушысы.

— ХХ Республикалық жас орындаушылар байқауының ІІ орын жүлдегері (1999 ж.), Ш. Бейсекова атындағы «Шабыт» фестивалінің дипломанты (1998 ж.), Халықаралық Ш. Қалдаяқов атындағы конкурстың лауреаты (2003 ж.) және Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «жеке ән айту» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері (2014 ж.).

 

Бауыржан Нұрымбетов — әнші, актер, «Мәдениет саласының үздігі».

— Республикaлық «Жас қанат» ән байқауының, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, «Әлия» халықаралық патриоттық әндер конкурсының лауреаты;

—  Халықаралық сахналарда ел намысын қорғап, Болгарияда өткен «Еуропалық РОК-ПОП» конкурсында I орынды иеленсе, 2010 жылы Украинада өткен «Восточный базар» конкурсының лауреаты атанған.

— ҚР Қарулы күштерінің Орталық ансамблінде, ҚР Ішкі әскерінің «Ән мен би» ансамблінде, «Жастар» театрында және Мемлекеттік филармонияда жеке орындаушы әрі актер ретінде қызмет атқарған.

— «Шіркін лайф», «Байланыс аясынан тыс жерде» тележобаларының қатысушысы, «Эра» телеарнасында тікелей эфирдегі таңғы бағдарламаның жүргізушісі болған.

— ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай Әскери-теңіз флотымен бірлесіп «Ақ шағала» бейнеклипін түсірген. Қоржынында 4 бейнеклип, 20-дан астам авторлық ән («Гәкку», «Асылым — ғашығым», «Үкілім-ай», «Бір болайық» т.б.) бар.

Концерттік бағдарламада:

Музыкалық кеште қазақтың халық әндері, халық композиторларының асыл мұралары, сондай-ақ отандық және шетелдік композиторлардың танымал шығармалары орындалады.Әуезді әндер «Наз» мемлекеттік би театрының өрнекті билерімен ұштасып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Сонымен қатар, екі өнер иесінің орындауындағы жарасымды дуэттер шырқалады.

 

 

Концерттің ұзақттығы 1 сағат 30 минут

Құрметті БАҚ  өкілдері! Сіздерді  «Наз» мемлекеттік би театрының өнерін тамашалап, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

 

Күні: 23 қазан, 2026 жыл

Уақыты: 19.00

Өтетін  орны: Астана қаласы, Көктал ш/а, Алмалық көшесі, 1;

Байланыс тел.:  (71 72) 30 02 87, +7 775 351 2104

БАҚ бөлімі: +7 701 744 18 69

Театрдың ресми сайты:http://teatrnaz.kz

Билеттердітикетонсайтынан ала аласыздар.

https://ticketon.kz/kz/concerts/event/tckt2-ansagan-arman

 

Admin-org