• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры «Алдар көсе» хореографиялық спектаклін ұсынады!

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры «Алдар көсе» хореографиялық спектаклін ұсынады!

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК-ның 25 жылдық мерейтойына арнап «Алдар Көсе» хореографиялық спектаклін көрермен Назарына ұсынады. Бұл қойылым театрдың XXV жаңа маусымындағы ірі жобалардың бірі.

«Алдар көсе» бейнесі қазақ ауыз әдебиетіндегі бәрімізге таныс образ. Спектакльде Алдар көсенің бастан кешкен оқиғалары, сараң байдың қуылығы мен жамандығы әшкере болады. Сондай-ақ, қойылымда ғашықтар оқиғасы да қалыс қалмайды. Елентай мен Айсұлу үшін де бірге қуанып, бірге мұңданасыз. Театрдың басты ұстанымдарының бірі – қазақ фольклоры мен этнографиясын насихаттау болса, қойылымда қазақтың тұрмыс-салт жырлары, дәстүрлері де көрініс табады. Қойылым «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

«Наз» Мемлекеттік би театры соңғы жылдары қазақ хореографиясында ерекше орын ала отырып, тек танымалдыққа ғана қол жеткізбей, сонымен қатар көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді. Театр шығармашылығы тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де танылды. Осы уақыт ішінде театр хореографтары өз қойылымдарында романтикалық нәзіктік пен драмалық шиеленістен бастап, кең ауқымды эмоциялар мен терең сезімдерге дейінгі түрлі оқиғаларды көрсетуге жетті. Қойылымдардағы әрбір қозғалыс пен хореографиялық шешім көрерменді баурап алады. Көркемдік шешімдер мен костюмдер, декорациялар – бұл театрдың басты ерекшеліктерінің бірі. Суретшілер әр қойылымда ерекше атмосфера жасай отырып, көрерменді таңқалдыруды әдетке айналдырды.

Театр өзінің таланты мен шығармашылығына деген адалдықпен бірнеше буынды хореографтар мен орындаушыларды тәрбиелеп, олардың еңбектері арқылы театрдың даңқты дәстүрлерін жалғастырып келеді. Театрдың жетістігі мен құпиясы да, бәлкім, осы адалдық пен шеберлікте жатыр.

Либретто авторы: Нұрлан Сегізбаев

Либреттоны өңдеген: Антон

Қоюшы балетмейстер: Уалитбек Сиязбеков, Амина Самарбаева

Композитор: Алмабек Мейрбеков

Музыканы өңдеуші, дирижері әрі «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі: Қасым Айтбаев

Костюм дизайнері: Ақбота Жолдасбек – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Сценограф: Арна Алпыспаева

Графика дизайнері: Дмитрий

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры әрі қойылымның жетекшісі: Еркебұлан Ағымбаев – ҚР Мәдениет қайраткері

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстер

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Алдар көсе – Санат Калимбетов /Ислам Аббасов/

Бай – Марғұлан Жеңісов

Айсұлу – Адель Нургияс /Маруар Ершина/

Елентай – Аманбек Кайдасынов /Омар Мухаметалиев/

Бәйбіше – Гүлдана Кадерова

Байдың шабарманы – Бейбарыс Газизов /Нұржұман Тоқжұманов/

Перілер: Данара Нұрғалиева, Карина Рыбкина,Үрия Дәулет,Нұрлыай Ғайнолла, Назира Ташмағанбетова, Айару СайыпНазар, Рима Пашан.

Көпшілік сахнада ауыл тұрғындары

Спектакльдің ұзақттығы 1 сағат

Күні: 21 қараша, 2024 жыл

Уақыты: 19.00

Өтетін орны: Астана Концерт залы, Кенесары көшесі, 32;

Байланыс тел.: (71 72) 30 03 09, +7 775 351 2104

 

 

Admin-org