• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2 қыркүйектегі жолдаған

Астана қаласы әкімдігінің “Наз” мемлекеттік би театрының директоры С.Сраилов пен бас әкімгер А. Басықараның ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жолдауындың төртінші бөлімі “Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек” деп мәдениет қызметкерлерін қолдауға арналды.Бұл өнер адамдары үшін өте қуанарлық жағдай. Жиында театр қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, қызу пікірталас болды. “Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жағдай жасалса, әлеуметтің жағдайымыз көтерілер еді” деді өнер өкілдері. Әркім өз саласының маманы болып, еліміздің мәдени-рухани, әл-ауқаты көтерілсе нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ, еліміздің одан әрі көркеюі мен өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер туғызары анық.

Сөз соңында С. Сраилов Мемлекет басшысының жолдауы «Мәдениет қызметкерлері үшін үлкен қолдау екенін атап өтті. Мәдениет пен әдебиет, өнер мен білім еліміздің көркеюіне орасан зор әсер береді. Әсіресе мәдениетіміз, өнеріміз, әдет-ғұрыптарымыз арқылы әлем назарын өзімізге аудара аламыз. Руханиятты жаңғырту – дер кезінде көтерілген мәселе. Әсіресе, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне көңіл бөлінбей отырғаны сөз болды. Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту тапсырмасы да берілді. Бұл Жолдау мәдениет пен руханиятқа үлкен қозғау салып, көптеген игі шараның бастамасы болғалы тұр. Өткен жылға өкпеміз жоқ, келер жылдан күтеріміз көп» – дед