4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. «Наз» мемлекеттік би театры «Қазақстан Республиксының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1186 қаулысына сәйкес, атаулы күнге байланысты «Рәміздерім- Елдігімнің белгісі» атты іс-шара өткізді.
Салтанатты шара ҚР Мемлекеттік Гимн тыңдаудан басталды. Директордың орынбасары Д.Серікбаева әсіресе жастар арасында рәміздерімізді құрметтеуге, патриотизмді дәріптеу мақсатында тамаша мысалдар келтіре отырып, салихалы сөз сөйледі. Ал, театрдың заңгері Ә.Тұяқаев мемлекеттік рәміздердің әрқайсына тоқталып, сипаттама беріп лекция оқыды.
Биыл мемлекеттік символдарымызға 26 жыл толып отыр. 4 маусымды әрбір Қазақстандық патриоттық мереке ретінде сезініп, құрметтеуі абзал.