• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Шекарасыз ән

Шекарасыз ән

2016 жылғы 31 тамызда 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің Гала-концерті өтті. Мерекелік шарада «Наз» мемлекеттік би театрының артистері «Жастар», «Хбайлар», «Түрік» билерін биледі.

Концертте сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет қайраткері Мапруза Өтеуленова, Еділ Құсайынов (Қазақстан), «Сорнай» татар этно-фольклорлық ансамблі (Ресей Федерациясы), халықаралық конкурстардың лауреаттары Паргев Хачатрян (Армения), сонымен қатар облыстық этно-мәдени бірлестіктерінің әншілері мен аспаптық ансамбльдері  өнер көрсетті.

«Шекарасыз ән» фестивалін өткізу туралы идея осыдан екі жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 20 сессиясында ұсынылған болатын және бұл бастама Елбасының қолдауына ие болды.

Үстіміздегі жылы іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.  Аталған іс-шарада барлық өңірлерде орналасқан көпұлтты құраммен жұмыс істейтін ондаған қоғамдық бірлестіктер және Достық үйлерінің өкілдері өнер көрсетті.

maxioma