• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Наз» мемлекеттік би театры мемлекет басшысының жолдауы аясында кездесу ұйымдастырды

«Наз» мемлекеттік би театры мемлекет басшысының жолдауы аясында кездесу ұйымдастырды

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың  5 қазандағы  «Қазақстан халқына жолдау» аясында Астана қаласы әкімдігінің  «Наз» мемлекеттік би театрында  «SERPIN» білім және иновация ұлттық палатасы» төрағасы М.Әбеновпен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Елбасы жолдауының маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың өз өмірін жаңа заманға сай өзгерту жайлы қызық та маңызды ақпараттар айтылды.

          Сан жылдар білім және ақпарат саласында қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері М.Әбенов қашанда дарынды жастарға қолдау көрсетіп жүретіндігі бәрімізге белгілі. Бұл жолғы кездесу әдеттегі кездесулерден бөлек, әрі тартымды өтті. «Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық, адамдар теледидар көруден, газет оқудан қалып барады. Мысалы, әркім теледидар арқылы ақша төлеп тауарына не болмаса шығармашылығына жарнама жасағаннан гөрі, еш шығынсыз қолындағы гаджеттер арқылы әлеуметтік желілерге тегін ақпарат және жарнама берген тиімді. Сонымен қатар, кез-келген азамат өз ойын білдіруге, ұсыныс жасауға мүмкіндік туған заман. Қай салада болса да тың жоба, тың ұсыныс жасаған ақыл-ойы терең азаматтар қоғамнан өз орнын таба біледі» деді М.Әбенов мырза.

          Елбасы 2019 жылды  «Жастар жылы»  деп жариялап отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл кездесуден театр ұжымы үлкен серпіліс, шабыт алды деп ойлаймыз.

maxioma