• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БИ ҒҰМЫР

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БИ ҒҰМЫР

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры 29 қазанда «Жиырма жылдық би ғұмыр» атты мерейтой концертін ұсынады. Концерт елордамыздың Жастар театры сахнасында өтеді.

«Наз» мемлекеттік би театры Қазақстандағы алғашқы кәсіби би театры. Нұр-сұлтан қаласындағы барлық мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. Тарихқа шегініс жасасақ, 1999 жылдың 9 ақпанында Астана қаласы мемлекеттік филармониясы жанынан «Наз» халық би ансамблі құрылды. 2007 жылдың 1 наурызында қала әкімінің шешімі бойынша, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры болып өз алдына шаңырақ көтерген болатын.Театрдың іргетасын қалаған кәсіби хореографтар Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтар.

Бұл концертте елорда тұрғындары қазақтың ұлттық билерін, әлем халықтарының билерін және хореографиялық спектакльдерден үзінділер көрсетеді. Сонымен қатар, «Би-сезімнің поэзиясы» атты жыр мүшәйрасын қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды.

Театрдың басты мақсаты-ұлттық фольклорды насихаттау және қазақтың ұлттық билерін дамыту.

 

maxioma