• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ»

«ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ»

Өтетін күні мен уақыты: 4 шілде  2023 жыл,  19:00
Өтетін орны: «Жастар» сарайы, Республика көшесі, 34;

Астана қаласының 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» атты мерекелік концерті өтеді.

Биыл Астананың Қазақстанның бас қаласы ретінде халықаралық аренада таныстырылғанына – 25 жыл. Осынау 25 жыл ішінде елордасы дамудың бірнеше сатысынан өтіп, халықаралық аренада өзін экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани жағынан  бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Астана қаласының «Наз» мемлекеттік би театры өзінің болашағын бас қала мен байланыстырады. Себебі, театр елордасы Астанаға көшкеннен кейін құрылды. Содан бері театр Астана қаласымен бірге дамып, рухани кемелденіп келеді. Астана қаласын, жалпы Қазақстанды шет мемлекеттерге таныстыруда «Наз» мемлекеттік би театрының алар орны бөлек. Театр репертуарындағы қайталанбас қойылымдар мен концерттік бағдарламалар арқылы шетелдік көрермендер қазақ елінің музыкасы мен этнографиясын,  фольклоры мен қазақ биі өнерінің ерекшелігін таныды.

Концертте қазақтың салт-дәстүрін паш ететін «Тұсаукесер», «Сүйінші», «Секіртпе», «Қайым айтыс», «Көңілашар» сынды ерекше қойылымдарды көре аласыздар. Қазақ жігіттерінің батырлығын, өрлігін, қайсарлығын бейнелейтін «Тау ұлы» би театрдың бетке ұстар би қойылымдарының бірі. Ал қазақ қызының нәзіктігін, сұлулығын паш ететін «Назбике», «Іңкәр сезім», «Аққу», «Серпін»  билері көрермен жүрегін жаулап алары сөзсіз. Сондай-ақ, концертте театр әншілері Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Батима Изенаева, Зағипа Иманғазиева, Айсұлтан Басықара ән шырқайды.

Концерттің мақсаты:«ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» – қазақ халқының бағзы замандардан бері сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен ұлттық құндылықтарын хореография тілінде ұсынатын ерекше формадағы қойылым-концерт. Көрерменді би өнері арқылы ұлттық мәдениетке, эстетикаға, сұлулыққа, ұлттық рухты көтеруге арналған.

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері

Эл.почта: naz-halik@mail.ru

Сайт: http://teatrnaz.kz

Байланыс телефоны: 8 (7172) 30 03 09, +7 775 351 21 04

maxioma