• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Асыл мұрам – ұлттық би

Асыл мұрам – ұлттық би

Астана әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры XXIV театр маусымын «АСЫЛ МҰРАМ – ҰЛТТЫҚ БИ» атты концерттік бағдарламамен ашады. Концертте театр репертуарындағы ең үздік билер орындалып, театр әншілерінің орындауында қайталанбас авторлық әндер шырқалады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана театр ұжымы Испанияның Дения қаласында өткен ХХХ халықаралық фольклорлық би фестиваліне қатысып келді. «Хуан Наварро» фольклорлық ассоциа­циясы ұйымдастырған фестивальде 75 минут өнер көрсеткен «Наз» би театрына ­испандықтардың ықыласы ерекше болды. Театр ұжымы Испаияның Дения қаласынан басқа Каласпара, Лорка, Урретчу қалаларында өнер көрсетті. Барлық концерттік нөмерді Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-ансамблі сүйемелдеді. Ұлттық аспаптар үні мен ұлттық би үндесіп, испан халқын тәнті еткен болатын.

Сіздерді хореография саласында өзіндік қайталанбас орны бар «Наз» мемлекеттік би театрының XXIV маусымашарына шақырамыз!

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері

Өтетін күні: 04.10.2023

Уақыты: 19.00

Өтетін жері: «Наз» мемлекеттік би театрының ғимараты

Мекен-жайы: Көктал-1 ш/а, Алмалық көшесі, 1;

Эл.почта: nazhalik@mail.ru

Сайт: http://teatrnaz.kz

Байланыс телефоны: 8 (71 72) 30 03 09, 8 7753512104;

maxioma