Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының ұйымдастыруымен Елордамыздың 20 жылдығына орай Қостанай облысындағы Астана күндері өтті.
Театр артистерінің толассыз еңбегінің нәтижесінде «Елімнің жүрегі– Астана!» атты жаңа концерттік бағдарлама дайын болды. Бағдарламада ең таңдаулы хореографиялық композициялар мен билер және Астана, Отан жайлы поэтикалық қойылымдар көрсетілді.
«Елімнің жүрегі – Астана!» бағдарламасында дәстүрлі хореография мен көркем декорациялар арқылы көрермендерге мәдени өмірдің сұлулығын паш етті. Осы концертті дайындау барысында бірнеше жаңа хореографиялық композициялар және жаңа әндер дүниеге келді.
«Елімнің жүрегі – Астана!» концерттік бағдарламасы шығармашылық кезеңінде қазақтың дәстүрі мен халықтық хореграфиясын, дәстүрін насихаттайды.
«Елімнің жүрегі – Астана!» бағдарламасының мақсаты, «рухани жаңғыру» бағдарламасына толықтай сәйкес келеді және қоғамның рухани дамуына, зиялы қауымның дамуына бағыт береді.
Тынымсыз ізденістің арқасында көрерменге осындай ғажайып концерттік бағдарлама ұсынған театрдың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Концерт залы көрерменге лық толды. Ерекше ықыласпен тамашалаған көрерменнің әсерін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Кеш соңында Қостанай қаласының әкімі Жакупов Базыл Шамұқанұлының атынан ықылас гүлі тарту етілді. Театр артистерінің де Қостанай халқына алғысы шексіз.
Астанамыздың айбынын асқақтатын мазмұнды концерт өз міндетін толықтай атқарды деп нық сеніммен айтуға болады.
1. Өтетін күні және орны: 19 маусым «Мирас» мәдениет орталығы. Қостанай қаласы.
2. Ұйымдастырушылар: «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК-ны.
3. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: Қазақстанның ұлттық өнері мен мәдениетін насихаттау және тарату.
4. Негізгі хабарламалар: Заманауи көзқарасты ұстана отырып, салт-дәстүрімізді сақтау және ұлықтау.
5. Спикерлер: Театрдың директоры – Сраилов.С.О.
Тел: + 7 (701) 101 70 70;
Театрдың көркемдік жетекшісі – Ағымбаева Қ.Е.
Тел: +7(701) 751 28 28;
6. Іс-шараның әсері: Барша тұрғындарға мәдениет пен өнерді насихаттай отырып, талғамын қалыптастыру.
22 наруыз күні “Наз” мемлекеттік би театрының ұжымы театр алаңында “Қош келдің, әз-Наурыз” атты мерекелік концерт өткізді. Көктемнің шуақты күнінде өткен мерекелік шарада Қорқыт ата бата беріп, бесікке салу рәсімі көрсетілді. Сонымен қатар, театр артистері Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда өткен мерекелік концертте өнер көрсетті.
22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай “Сарыарқа” велокешенінде өткен мерекелік шараға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев катысып, құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шараға “Наз” мемлекеттік би театрының балет артистеріде өз үлестерін косып, өнер көрсеткен болатын.
«Наз» мемлекеттік би театрының шығармашылық құрамы әртістері Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қауіпті салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы баспанасы» КММ болып, 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Мерекелі Наурыз» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Әуелеген әсем ән мен мың бұралған бишілердің биі көрерменнің қошеметіне бөленіп, көктемнің құбылмалы күнін жарқ еткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Астана қаласы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер департаментінің бас маманы Рахметтуллин Асқар Рашидұлы баяндама барысында қозғалған мәселелерді жан-жақты талқылап, қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
2017 жылы 29 қаңтарда XXVIII Халықаралық қысқы Универсиаданың құрметіне арнайы салынған «Алматы арена» спорт кешенінде өткен Универсиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Халықаралық студенттер федерациясының президенті Олег Матыцин және өзге де бірқатар мәртебелі меймандар қатысты. Елімізде тұңғыш рет өткен спорт мейрамының ашылу рәсімінің тұжырымдамасы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идеяға негізделген.
Ол – «Кіріспе», «Энергия: Жер, су, жел, от» және «Болашақ» деп аталатын негізгі бөліктен тұрады. Театрландырылған қойылымның басты тақырыбы Қазақстан Ұлы дала дәуірінен қазіргі заманға дейінгі тарихына сондай-ақ, еліміздің болашақ жоспарларына арналған ауқымды кешті Республикамыздың барлық өңірі және дүнйежүзінің спорт сүйер қауымыда тікелей эфирде тамашалады.
Осындай мәртебелі салтанатқа Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының директор орынбасары Серікбаева Дамет Қайроллақызы және театрымыздың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызының жетекшілігімен «Наз» мемлекеттік би театрының артистері театрланған көріністерге және әр түрлі би сахынасына қатысып, көрермендер мен шетелдік меймандардың ерекше ықыласына бөленді.
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлкеттік би театры 31 қаңтар күні сағат 11.00 де Аршалы ауылының ЕЦ 166/5 ММ жазасын өтеушілерге Қазақстан Республикасы күніне орай, «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте!» атты қайырымдылық концертін өткізді.
Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені баршамызға мәлім. Тәуелсіздігімізді алып, ел болғалы жастар саясатына үлкен көңіл бөлініп, қолдау көрсетілуде. Ел өмірінің қай кезеңіне үңілсек, балалар тағдыры кімді болсада бейтарап қалдармасы анық.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық әрекеттерінің көбеюі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Оның алдын алу мақсатында көптеген істер жасалуда. Осыған орай 19 қаңтарда сағат 11:00 де «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымы Астана қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып концерттік бағдарлама қойған болатын. Мақсаты ән, би өнері арқылы жастарымыздың бойына эстетикалық тәрбиені сіңіру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал.
Оның негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келер еді»,-деп атап өтті. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Адамның жан – дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы тыңдау пайдалылығы анықталуда. Осы мақсатта «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымы 18 қаңтарда сағат 11:00 де Астана қаласының білім басқармасы «№2 Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінде болып, концерттік бағдарламаларын ұсынды. Емделуші балақайлар бірге ән шырқап, би билеп көңілденіп қалды. Ал, ата-ана үшін балаларының күлкісінен артық бақыт жоқ. Концертті тамашалаған қауым алғыстарын айтып шығарып салды.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Осыған орай «Наз» мемлекттік би театрының ұжымы, Астана қаласының ауыл-аймақтарын аралап концерттік бағдарламаларын қойып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр.
Соның бірі 17 қаңтар күні сағат 16:00 де Талапкер ауылында өткен болатын. Концерт өте жоғары деңгейде өтіп, жиналған қауым керемет әсер алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ағымдағы жылдың қараша айының 30 күні, сағат 11:00-де «Наз» мемлекеттік би театры Астана қаласы әкімдігінің «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-де өткен «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент» атты мерекелік концертке қатысты.
Ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні сағат 11:00-де «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана тұрғындары мен қала қонақтарына арнап «Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық» атты мерекелік концерт өткізеді. Шарада Тәуелсіздік тақырыбында әндер айтылып, би композициялары орындалады.
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры өз ғимаратында «Орталықтандырған кітапханалар жүйесі» №3 көпшілік кітапханасымен бірлесе отырып, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары бойынша түсіндіру сағатын өткізді. Бұл кездесуге Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау колледжінің студенттері және театр қызметкерлері қатысты.
4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. «Наз» мемлекеттік би театры «Қазақстан Республиксының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1186 қаулысына сәйкес, атаулы күнге байланысты «Рәміздерім- Елдігімнің белгісі» атты іс-шара өткізді.
XIX Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театры мерекелік концерт берді. Ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні, сағат 19:00-де «Жастар» театрының сахнасында өткен концертке Астана тұрғындары мен қала қонақтары, сондай-ақ, фестиваль қатысушылары келіп, би майталмандарының өнерін тамашалады.
Осы уақыт аралығында өнерлі шаңырақтың жеткен жетістігі, бағындырған белесі аз емес. Халықтық би дәстүрінің үлкен сахналардан, атап айтқанда әлем сахналарынан көрінуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан өнерлі ұжымның еңбегі өлшеусіз.
Театр Республика бойынша өтетін барлық мәдени-бұқаралық, мерекелік концерттердің және шет елдерде өтетін ауқымды шаралар мен сайыстардың, байқаулар мен фестивальдардың белсенді қатысушысы.
«Шежіре – би тілімен өрнектелген» деген атаумен өткен концертте «Наз» мемлекеттік би театрының репертуарындағы алуан түрлі би қойылымдары көрерменіне жол тартты. Кеш барысында қазақтың ұлттық би дәстүрін нақышына келтіріп насихаттап жүрген өнерлі шаңырақтың 15 жылдан астам уақыт ішінде жеткен толайым жетістіктері айтылып, би өнерінің табиғаты ашыла түсті.
4 қараша күні, сағат 15.30-18.00 аралығында «Жастар» театрында Хореография номинациясы бойынша – I байқау кезеңі өтті.
5 қараша күні, сағат 10.00-12.30 аралығында «Жастар» театрында Хореография номинациясы бойынша – II байқау кезеңі өтті.
5 қараша күні, сағат 17:00-де Жастар театрында «Наз» мемлекеттік би театрының артистері хореография номинациясы бойынша фестиваль қатысушыларына класс-концерт өткізді.
Класс-концерт аяқталған соң, әділқазылар алқасы хореография номинациясы бойынша байқау қатысушыларымен диспут өткізді.
6 қараша күні график бойынша фестиваль қатысушыларына арналған Экскурсия өтті.
8 қараша күні Астанада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында фестивальдің қорытындысы шығарылып, байқауға қатысушыларға лауреаттық және атаулы сыйлықтар табысталды.
Әділқазылар алқасының мүшелері «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша конкурсанттардың жұмыстарына баға берді.
Хореография номинациясы, Халық биі аталымы бойынша Қазылар алқасының төрәйымы: Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы (Астана қ.) және қазылар алқасының мүшелері: Пала Орхан Шинаси (Түркия), Tumurkhuyag Tugsuu (Монголия), Фахрутдинов Шамиль Абдрахманович (Қостанай қ.), Күлбекова Айгүл Кеңесқызы (Астана қ.), Есекеев Абдиракул Нажимадинұлы (Астана қ.) байқау қатысушыларын бағалады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, ХIХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінде хореография номинациясы бойынша, 1,2 байқау кезеңдерінде қатысушылардың көрсеткен өнерелерінің нәтижелері бойынша, алған мараппаттары:
п/п№ | Марапат атауы | Орындаушылардың
аты-тегі және ансамбльдің атауы |
1
|
Гран-при Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық | «Алтынай» би ансамблі
/Талдықорған/ |
2 | 1 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
«Назерке» би ансамблі
/Орал/ |
3 | 2 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Шолошова Коркем (соло)
/Астана/ |
4 | 2 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Құдайбергенов Ержан (соло)
/Астана/ |
5 | 3 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Мухамметалиев Омар (соло)
/Астана/ |
6 | 3 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Топтаева Дана (соло)
/Астана/ |
7 | “Хореография” номинациясы бойынша – Шара Жиенқұлова атындағы диплом және ақшалай сыйлық | У. Сиязбеков, А.Самарбаева
(дуэт) /Астана/ |
8 | Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арнайы сыйлығы – диплом және ақшалай сыйлық | «Нұр» би ансамблі
/Павлодар/ |
9 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | Доминская Светлана (соло)
/Астана/
|
10 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | «Жарқын» би ансамблі
/Көкшетау/ |
11 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | «Magic jump» биансамблі
/Қостанай/ |
12 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | «Жаш Канат» би ансамблі
/Бишкек/ |
2016 жылдың қараша айының 3 күні Бейбітшілік және келісім сарайында XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылуы өтті. Елордалық Пирамиданың Опера залында алдыңғы фестивальдердің жеңімпаздарының қатысуымен мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылды. Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.
Концерт шымылдығын «Шабыт-2015» жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Президенті кубогының иегері, «Классикалық музыка, скрипка» Гран-приінің иегері Мақсат Жүсіпов, сондай-ақ «Шабыт-2010» жеңімпазы Айбек Аширматов ашты.
Сонымен қатар, сахна төрінде қазақстандық эстрада жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Әли Окапов, Қайрат Баекенов және Формат тобы өнер көрсетті. Бұл артистер де өнердегі жолдарын «Шабыт»фестивалінен бастаған болатын. Бұрын хабарланғандай, үстіміздегі жылы білікті қазылар алқасы 644 жас дарынның өнерін бағалайтын болады.
Биыл «Шабыт» фестивалі алты номинация бойынша өтеді: «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал».
Үміткерлердің көбі «Бейнелеу өнерінде» бағын сынамақ – бұл номинацияда –192 өтінім, «Хореография» – 154 және «Халық музыкасы» номинациясы бойынша – 134 өтінім, «Үздік әдеби шығарма» – 45 өтініш, «Классикалық музыка» – 77 өтініш, «Эстрадалық вокал» – 42 өтініш қабылданды.
Қазылар алқасының құрамына әлемнің 15 мемлекетінен, соның ішінде АҚШ, Италия, Израиль, Македония, Мексика, Армения, Қытай, Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Украина, Грузия, Монғолия елдерінен беделді сыншы-өнертанушылар енді.
XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 8 қарашаға дейін өтеді. Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Классикалық музыка» және «Халық музыкасы» номинацияларында тыңдаулар өтеді, «Эстрадалық вокал» номинациясындағы конкурсанттар Конгресс-холлда өнер көрсетеді, «Хореография» номинациясы бойынша би ұжымдары «Жастар» театрында (бұрынғы К. Бәйсейітова атындағы опера және балет театры) өнер көрсетеді, ал «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жұмыстар көрмесі «Жастар» сарайында өтеді, «Үздік әдеби шығарма» номинациясында жас ақындардың шығармашылығын қазылар алқасы Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында (Бөгенбай батыр даңғ., 52) бағалайтын болады. Барлық шараларға кіру – тегін.
Астананың Мәскеудегі мәдени күндері аясында өткізілген
Гала-концерт
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 күні Мәскеудегі Астананың мәдени күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында «Астана – Еуразия жүрегі» атты гала концерт өтті.
Ауқымды мәдени кеште отандық талантты тұлғалардың өнеріне мәскеуліктер таңдай қақты. Әсіресе, Әлібек Днишев, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы және Роза Рымбаева секілді қазақ музыка өнерінің жарық жұлдыздары сахнаға шыққанда тұрғындар ғажайып әсерге бөленді. Қазақтың ұлттық биінің шашбауын көтеріп жүрген «Наз» мемлекеттік би театры артистері де Мәскеу сахнасында қазақ биінің тұғырын тағы бір мәрте көтеріп тастады. Театр артистері «Назбике», «Достық» биін, «Көңілашар», «Самғау», «Жастар», «Русская плясовая» билерін нақышына келтіріп орындады. Оларға жұртшылық ұзақ уақыт қол шапалақтап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, «Славянский базар – 2015» конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Айша, «Формат», «Ринго», МузАрт тобының орындауында әндер шырқалды.
Астана қаласы мемлекеттік академиялық филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрі мен «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі де тамаша туындылар орындады. «Шалқыма» халық биі ансамблінің мүшелері де әдемі би өрнегін көрсетті. Тұрсынбек Қабатов бастаған әзілкештер көрерменді бір серпілтіп тастаса, әйгілі «А-Студио» тобы да тұрғындарды өнерімен қуантты.
Осылай, отандық өнер майталмандары Мәскеу төрінде қазақтың рухын асқақтатып, көрермен қошеметіне бөленіп қайтты.
2016 жылғы 31 тамызда 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің Гала-концерті өтті. Мерекелік шарада «Наз» мемлекеттік би театрының артистері «Жастар», «Хбайлар», «Түрік» билерін биледі.
Жуырда «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы Астана радиосындағы «Единство кz» бағдарламасына қатысып қайтты. Бағдарлама барысында Қадиша Ермекбайқызы театрдың жеткен жетістіктері, бүгіні мен болашағы жөнінде ой өрбітті.
Ағымдағы жылдың, 18-20 қыркүйек аралығында театр артистері Мәскеу қаласына гастрольдік іс-сапармен барады. Қазақстанның Ресейдегі Мәдени күндерінің өтуіне арналған концерт «Танец без границ» деген атаумен өткізілмек. Осы жолы театр артистері Мәскеулік көрерменін «Қуаныш», «Назбике», «Тау ұлы», «Самғау», «Шаттану», «Русская плясовая», «Ақ Жайық», «Ақбаян», «Кадриль» сынды репертуарындағы жаңа билерімен қуантпақ.
Ағымдағы жылдың 1-ші маусым 31 тамыз аралығында «Наз» мемлекеттік би театры артистері сенбі және жексенбі күндері қаладағы «Астаналық» саябақ, «Жерұйық», «Студенттік» саябақтарында қала қонақтары мен Астана тұрғындары назарына 1 сағаттық концерттік бағдарлама ұсынып келеді. Театр әншілерінің орындауында әндер айтылып, «Наздың» бишілері көрерменін мың бұралған биімен тәнті етуде.
Шілденің 3-6 аралығында Астана қаласында дәстүрлі республикалық «Биле, Астана» фестивалі ел бишілерінің басын қосты. Астананың туған күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың өтуіне мұрындық болған Астана қаласы әкімдігі мен «Наз» мемлекеттік би театры.
Байқауға еліміздің әр аймағынан келген 5 жастан 25 жас аралығындағы би ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты. Би өнерінің әр түрлі жанрында додаға түскен өнерпаздар әділқазылар алқасы мен өнерсүйер қауымды шеберлігімен тәнті етті. Би фестивалі 6 шілде күні галоконцертпен аяқталды. Сонымен, байқауда әділқазы алқасын өнерімен тәнті етіп, Гран-при жүлдесін иеленгендер – «Халық биі» аталымы бойынша «Нұрсәулем-ай» ансамблі, «Шашу» би ансамблі және осы аталым бойынша жеке орындаушылар Гүлназ Бодашева және Тараздан келген Аружан Ахметова. Ал, эстрадалық би аталымы бойынша №48 мектеп-лицейінің би ансамблі және осы номинация бойынша жеке орындаушы Катя Кудряшова бас жүлдені қанжығасына байлады. Байқау жүлдегерлері мен лауреаттары ақшалай сыйлыққа ие болып, байқауға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың шілденің 3-і күні республикалық «Сарыарқа» велотрегі спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде «Наз» мемлекеттік би театрының артистері «Самғау» және «Шаттану» билерін орындады.
Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні Астанадағы «ҚазМедиа» орталығында «Салем, Қазақстан!» жобасының аясында осы маусымдағы «Жасай бер, Астана!» атты соңғы концерт өтті.
Кешті «Наз» мемлекеттік би театры «Ғасырлар үні» биімен ашты. Кеште эстрада жұлдыздары Димаш Құдайберген, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Әлімжанов, Тамара Асар, Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, «Ханзада», «Алау», «Лүпіл» топтары өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, кеш барысында «Наз» мемлекеттік би театрының мың бұралған бишілері Тамара Асардың орындауындағы «Қаражорға» әніне биледі. Мерекелік түсірілім, «Наз» би театры артистерінің орындауындағы «Ақ жайық» биімен тәмамдалды.
«Наз» мемлекеттік би театры қатаң режимдегі түзету
мекемесінде өнер көрсетті