• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Жаңалықтар

«Тәуелсіздік-тірегім» атты мерекелік іс-шара өтті

Төрткүл дүниеге әйгілі ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев: «Арманда кеткен арыстардың асыл мұратына біз мыңжылдықтар тоғысында қол жеткіздік.

Айымыз оңынан туып, Тәңір тілекті берді.

Төрт құбыламыз теңеліп, төбедегі келді.

Алаштың айбыны асып, күн сөнгенше азат болды.

Қырандай қомданып, тұғырына қайта қонды!

Тәуелсіздік тәуменді жұртқа тәуекел берді. Азат еліміз атағы алты құрлыққа жайылған абат елге айналып, жаһандық қауіпсіздіктің алтын белдеуіне баланды. Біз осылайша тарихта есесі кеткен еңсегей елдің еңсесін тіктедік» деген еді.

Иә. Бұл қастерлі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Осынау ұлан-ғайыр жеріміз білектің күші, найзаның ұшы, бабаларымыздың парасаттылығымен бізге аманат етілді. Біз – қазақ елінің ұландары осы асыл мұратты, азаттықты аялап, рухы биік келер ұрпаққа аманат етуіміз керек.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Наз» мемлекеттік би театры өз ғимаратында «Тұйғындар» хореографиялық спектаклін және «Тәуелсіздік-тірегім» атты концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Сақтық шаралары сақталып, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шарада жыл бойы театр қойылымдарын, театр шығармашылығын эфир арқылы, баспасөз арқылы насихаттап жүрген БАҚ өкілдері алғыс хатпен марапатталды. Кеш қонағы елімізге танымал телерадио журналист Қымбат Досжан театр ұжымын мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, концерт соңында шығармашылық ұжым Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының м.а.  Азамат Ахмеджановтың алғыс хатымен марапатталды.

«Мәдениет  ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген еді Елбасы Н.Назарбаев.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры бар болмысымен ұлттық құндылықтарымыздың бірі, қазақ биін насихаттауда аянбай еңбек етіп келеді. Осы орайда төл өнерімізді төрге шығаруға маңдай терін төгіп жүрген театры директоры ҚР Мәдениет қайраткері Е. Ағымбаев, театрдың орынбасары «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет белгісі» төсбелгісінің иегері Д.Серікбаева, көркемдік жетекші Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Ағымбаева, педагог-репетитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Атымтаева, Бас әкімгер А.Басықараның еңбектерін атап өту керек.

Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

Баршаңызды ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

ТҰЙҒЫНДАР

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК 2020 жылдың 25-26 қараша күні араға 15 жыл салып «Тұйғындар» хореографиялық тарихи би спектаклін көрермен назарына ұсынады. Қойылымның премьерасы  2005 жылы «Астана» Концерт залында (бұрынғыКонгресс-холлда) өткен болатын.

Қойылым қазақтың көне тарихынан сыр шертеді. Яғни, Қазақ хандығы құрылмай тұрып, VI-XI ғасырлар аралығында қазақ жерін мекендеген Cақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, одан әрі Түрік қағанатының құрылуы кезеңдерін бейнелейді.

Қойылымды «Тұйғындар» деп атаған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Түркітану-алтайтану орталығының директоры, доктор, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы. Ертеде «Тұйғын» деген құс болған. Сонымен қатар, әскердің ең алдында жүретін барлаушы топты да «Тұйғындар» деп атаған екен. Бұл жауынгерлер тұтқынға берілмеген және ешқашан кейін шегінбеген.

Қойылымның басты мақсаты – тасқа жазылған тарихымызды сахнада көркем дүниеге айналдырып, көрерменнің рухын ояту. Спектакль барысында Орхон-Енисей ескерткіштері, балбал тастар сахна төріне шығып,  құпиясын ішіне бүккен тарих парақтары ашылады.

«Тұйғындар» хореографиялық қойылымы арнайы шақыртумен Мысыр еліне, Корей еліне барды. Спектакльде төл мәдениетіміз, тарихымыз, этнографиямыз, ұлттық киімдеріміз де толығымен сапалы қамтылған. Келіншектер қалай киіну керек, апалар қалай киінген, жауынгер қалай киінген, өнерпаздар қалай киінген және абыз бен бақсының айырмашылығы көрсетіледі.

«Тұйғындар» хореографиялық қойылымының музыкасы 2 жылдан астам уақытта жазылды. Композитор әрі өңдеуші  Байдалы Рыспанбетовтың талғампаздықпен таңдап алған музыкалық шығармалары спектакльдің өн бойында сәтті қолданыс тапқан. Құрманғазы, Махамбет, Е.Брусиловский шығармаларымен қатар А.Жайымов пен М.Бердығұлов, Ә.Қазақбаев, Б.Рыспанбетовтердің өз шығармалары және халық күйлері мен әндері алынған.

 

Балетмейстері, қоюшы-режиссері, идеясы және либретто авторы, жоба жетекшісі – Е. Ағымбаев

Қоюшы балетмейстерлері  –  ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Қ.Ағымбаева, Мирамгүл Айтмағамбетова

Композитор – Байдалы Рыспанбетов

Аранжировкасын жасаған – Хамит Шанғалиев

Сценограф – Манарбек Қарымсақов

Ғылыми кеңесші – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Түркітану-алтайтану орталығының директоры, доктор, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы

 

Өтетін күні: 25-26 қараша  2020 жыл

Уақыты: 19.00

Өтетін жері:Nomad Citу Hall

Мекен-жайы: Мәңгілік ел даңғылы, 55/2 (B 2-3)

Байланыс телефондары: 30-02-87, 30-03-09;

 

 

Билетті WWW.TICKETON.KZ сайтынан аласыздар!

www.teatrnaz.kz

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК» онлайн форматта «Уақыт-Өмір» атты жастарға арналған философиялық, хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізіп XIII маусымын ашты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК»  онлайн форматта «Уақыт-Өмір» атты жастарға арналған философиялық, хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізіп XIII маусымын  ашты.

Жаңа маусымда көрерменге жол тартқан бұл қойылым театр репертуарындағы алғашқы музыкалық туынды.  Бұл қойылымда ән де би де шырқалды. Бұл театр артистері үшін шығармашылығын шыңдауға зор мүмкіндік. Қойылым бүгінгі күннің тынысын бейнелейтін философиялық бағыттағы заманауи спектакль. Қоюшы хореограф осы театрда қызмет еткен, қазір Санкт-Петербургте білімін ұштап жатқан маман Светлана Доминская.

Светлана Доминская (қоюшы хореограф): «Бұл менің хореограф ретінде алғаш қойған спектаклім. Спектакль қою оңай шаруа емес. Мен бұл қадамды жасау үшін іштей ұзақ дайындалдым. Себебі 2-3 минуттық би қоюға үшін де көп толғанып, ізденуің қажет. Бұл  қойлымды қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтын, көзі қарақты көрерменге арнаймыз. Спектакль – қоғамдағы адами құндылықтардың жоғалуын,  экологияны бұзылып жатқанын тілге тиек етеді.

Бұл қойылымды бірнеше бөлімге бөлдім. Нақты айтар болсам, оқиғалар мейрамхана, сұлулық салоны, бақ, метро сияқты жерлерде өтеді. Басты кейіпкерлер осы жерлерге барған сайын бай балалары мен әйелдерінің ақшаның буына мас болып, ештеңенің қадіріне жетпей жүргені суреттеледі. Адамдардың бір-біріне деген сенімінің жоғалуы, табиғатты бағаламай, экологияны ластауы хореография тілімен көрсетіледі.

Сондай-ақ қазіргі таңда сәннен қалмаймын деп, тән сұлулығына құмартып жүргенде жан сұлулығын ұмытқан қыздар, қоғамдық орындарда,  айналасымен санаспау, құрметсіздік таныту, қоршаған ортасын сыйламау, адамдардың бір-біріне безбүйректігі би қимылдары арқылы суреттеледі.

Қойылым соңында жағымсыз кейіпкерлердің ой-санасы түзеліп, ақиқат орнап, мейірімділік салтанат құрады».

“Ата Заң – елдің айбыны, еркіндігі, балйығы”

Государственный театр танца «Наз» получил специальный приз на международном фестивале VITOSHA 2020 – WEB EDITION

Государственному театру танца «Наз» акимата города Нур-Султан вручили «Специальную награду директора» на международном фольклорном фестивале VITOSHA 2020 – WEB EDITION прошедшим в Болгарии, который проводился с 15 по 18 июля в онлайн формате. Данный фестиваль VITOSHA 2020 – WEB EDITION стал удивительным событием для жителей Софии и людей со всего мира. Участвовали 24 группы со всех континентов.
Организаторы: Ассоциация «Международный фольклорный фестиваль Витоша», Софийский муниципальный совет, Софийский муниципалитет-дирекция «Культура и образование», «Витоша», Читалище» Витоша», при любезном содействии Министерства культуры. FTA Sofia 6 также является постоянным организатором IFF Витоша.
IFF «Витоша» является одним из культурных событий международного масштаба и особого национального значения. На этом фестивале встречаются представители разных культур со всего мира, объединенные их большой любовью к фольклору.
Целью фестиваля является популяризация танцевального искусства разных болгарских регионов и знакомство зрителей с фольклором стран-участниц. Фестиваль – это возможность завести новые знакомства и дружбу.
Уважаемые зрители! Фестиваль завершился успешно, и это было бы невозможно без вашей поддержки. Так как конкурс прошел в онлайн формате, мы благодарны за каждый голос в нашу пользу.
Желаем нашему коллективу творческих успехов и развития в дальнейшем!

 

“ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ”

Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкені алып жатқан, Түркі әлемінің бесігі атанған қазақ елінің егемендігін алып, жеке мемлекет болғанына ширек ғасырдан асып барады. Осы жылдарда еліміз дамушы елдер арасында әлем таныған, бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік еткен, абыройлы елдердің санатына көтерілді. Ресей империясының құрамынан бөлініп, жеке тәуелсіз мемлекетке айналған тұста, ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты, халықты жаңа бағытқа бұруы, соның ішінде халықаралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласы үшін аса маңызды бастама болды.
Бейбітшілік пен ынтымақ – қазақ елінің айнымас темірқазығына айналды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ел аумағында қару тұрған жерде тыныштық болмайтынын тереңнен түсініп, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл түсінген жанға өте қиын және күрделі жағдай еді. Әлемнің мықты елдерімен салыстырғанда енді егемендігін алып, дербес саясат жүргізіп көрмеген біздің ел үшін қолда бар қарудан бас тарту аса үлкен ерлік пен қайсарлық еді.
Себебі, қазақ елі ядролық сынақ зардаптарынан 40 жылдан астам азап көрген еді. Кеңес Одағы Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды. Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы. Осы 40 жыл уақыт аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса, қалған 352-сі жер астында өткізілген.
Міне, КСРО-ның Семей полигонында 500 ядролық сынақ жасауы, тұтас бір мемлекетке жасаған бейбіт замандағы қастандығы болатын. Соның салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс және орталық аудандарына экологиялық зиянын тигізіп және мыңдаған адамның денсаулығы құрыды. Семей полигонында соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Өткенімізді түгендеп, тарихтың көмескі тұстарын барынша айғақтап мың жылдықтардан ақпар беретін қазыналы елге айналдырды.
Міне, қиын күндер артта қалып, халқы сенген Елбасы жас мемлекетті әлем мойындаған елдер санатына қосты. Мен, өнер адамы болғандықтан өз саламды жетік білгендіктен өз атымнан және өзім басқарып отырған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының атынан елін сүйген Елбасы Н.Ә.Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасының келесі үлкен ерлігі – Елордасының Сарыарқа төсіне Ақмолаға қоныс аударуы. Сол Ұлы көшпен мен де отбасыммен ілесіп келіп, Елорда мәдениетіне өз үлесімді қостым. Бұл мен үшін –абыройлы іс, зор мәртебе. Еңбегіміз еленіп шағын ансамбль болған ұжымымыз «мемлекеттік» деген статусқа ие болды. Өзім және шығармашылық құрам мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталып, Елбасының өз қолынан пәтердің кілтін алған сәттерім жеке өмірімдегі шуақты күндердің бірі болып қала бермек.
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мерейлі мерейтойыңыз құтты болсын! Жаратқан күш-қуат, зор денсаулық берсін! Өзіңіз құрған жас мемлекеттің шаңырағы биік, керегесі кең, алпауыт елдермен терезесі тең болсын!
Құрметпен, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев.
#ELBASYMENBIRGE

“НАЗ” МЕМЛЕКЕТТІК БИ ТЕАТРЫ ТҰРМЫСТЫҚ БИЛЕРГЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Барша әріптестерімізді  тұрмыстық би челленджіне шақырамыз!!! Қазақ биінде кездесетін тұрмыстық билер өте көп. Бейнеролигімізді Республикамыздағы би ұжымдарына жолдаймыз.Қазақ биінің мәртебесін биіктетеу біздің кәсіби борышымыз.

 

«Киіз басу» – қазақ дәстүрін бейнелейтін ұлттық биінің бірі. Мұнда жүн түту, жүн сабау, киіз басу кезіндегі қимылдар би тілімен көрерменге ұсынылады.

Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.

“НАЗ” мемлекеттік би театрының репертуарында салт-дәстүр, ұлттық ойындардан ақпар беретін би коллекциясы жетерлік. Ендеше, би өнерінің өркендеуіне үлесімізді қосайық, әріптестер!

Афиша

Қобыз сарындары

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Оразбаева шығыстың ғұлама ойшылы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Қобыз сарындары» атты лекция-концерт өткізетіндігін хабарлаймыз. Кеште театр артистері ұлттық биден шашу шаса, танымал әншілер Зағипа Иманғазиева, Батима Изенаева әсем әндерін тарту етпекші. Сондай-ақ, қобыз өнерінің майталманы Р.Оразбаеваның жетекшілігімен «Қобыз-Рух» ансамблі өнер көрсетеді.

«Қобыз» аспабы әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі болып саналады. Ал түркі халықтарының ішінде қобыз өнерін дамытқан әрі жалғастырушы «қазақ» халықы. Лекция-концерттен көрермен дала сарынымен сусындап, рухы биіктейді деп сенеміз.

Естеріңізге салып өтейік, Раушан Оразбаева қазақ мәдениетін Түркия, Иран, Малайзия, Франция, Италия, Англия, Испания, Нидерланды, Жапония, Австрия, Белгия, Швейцария, Германия, Үндістанда насихаттап, жеке концерттер қойған өнер майталманы. «Ақулар сазы» атты оқу-әдістемелік кітабының авторы.

Өтетін күні: 7 наурыз 2020 жыл

Өтетін орны: «Наз» мемлекеттік би театры

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал ш/а-1, Алмалық көшесі 1;

Басталуы: 15.00

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БИ ҒҰМЫР

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры 29 қазанда «Жиырма жылдық би ғұмыр» атты мерейтой концертін ұсынады. Концерт елордамыздың Жастар театры сахнасында өтеді.

«Наз» мемлекеттік би театры Қазақстандағы алғашқы кәсіби би театры. Нұр-сұлтан қаласындағы барлық мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. Тарихқа шегініс жасасақ, 1999 жылдың 9 ақпанында Астана қаласы мемлекеттік филармониясы жанынан «Наз» халық би ансамблі құрылды. 2007 жылдың 1 наурызында қала әкімінің шешімі бойынша, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры болып өз алдына шаңырақ көтерген болатын.Театрдың іргетасын қалаған кәсіби хореографтар Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтар.

Бұл концертте елорда тұрғындары қазақтың ұлттық билерін, әлем халықтарының билерін және хореографиялық спектакльдерден үзінділер көрсетеді. Сонымен қатар, «Би-сезімнің поэзиясы» атты жыр мүшәйрасын қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды.

Театрдың басты мақсаты-ұлттық фольклорды насихаттау және қазақтың ұлттық билерін дамыту.

 

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БИ ҒҰМЫР

ГККП государственный театр танца «Наз» акимата города Нур-Султан проводит юбилейный концерт «Жиырма жылдық би ғұмыр». Концерт состоится на сцене Жастар театра столицы.

Наз мемлекеттік би театрында «ӨМІРДІ БИ ДЕП СҮЙ, ҚАЛҚАМ…» атты XII театр маусымының ашылуы өтеді

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры 25 қыркүйекте өтетін «ӨМІРДІ БИ ДЕП СҮЙ, ҚАЛҚАМ…» атты XII театр маусымының ашылуына шақырады!

Маусымашарда жаңа би қойылымдары, жаңа әндер, театрландырылған шағын қойылымдар көрермен назарына ұсынылады. Сұлу әуен, ғажайып костюмдер, оғлан ұлдар мен бұрымды қыздардың әсем қимылдары қоңыр күзде сіздерге мол әсер сыйлары анық. Маусымның ашылуы «БАЛАЛЫ ҮЙ БАЗАР» атты қайырымдылық мақсатпен өтеді. Сондықтан іс-шараға «Үміт» кризис орталығынан аналар мен балалар шақырылып отыр. Сонымен қатар, концертке Көктал шағын ауданынның тұрғындары, көп балалы, жалғыз басты аналар, және аз қамтылған отбасылар, колледж студенттері тегін кіретіндігін ескертеміз.

Іс-шараның негізгі мақсаты, театр маусымының ашылуына орай, қайырымдылық концертін қою арқылы, қала тұрғындарының, көп балалы аналардың көңілдеріне қуаныш сыйлау. Концерт Көктал-1 шағын ауданында орналасқан «Наз» мемлекеттік би театрының көрермен залында өтеді. Басталуы 14.00 де. Келіңіздер! Көріңіздер!

Останови коррупцию!

Қазақстанда қалай тегін емделуге болады

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз емделуге болады. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді ел азаматтары, оралмандар мен Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдіктер пайдалана алады. 2020 жылдан бастап тегін медициналық қызметті ел аумағында тұрақты тұратын, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да пайдалануға құқылы. Оған алғашқы көмек, жедел және шұғыл жәрдем, диагностика, бірқатар ауруларды емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту кіреді. Тегін медициналық қызметтер жайлы толығырақ танысуға шақырамыз

http://special.nur.kz/minzdrav-osms-2

http://special.nur.kz/osmskaz

https://special.nur.kz/minzdrav-osms-1-kaz

https://special.nur.kz/minzdrav-osms-1

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы  мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театрының ұйымдастыруымен “Мәдениет саласының жетістіктері мен өзекті мәселелері сондай-ақ президенттік сайлау алды ұсыныстар” атты мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай дөңгелек үстел өтті.
Отырыста Нұр-Сұлтан қалалық мәдени мекемелер бас қосып мәдениет саласының өзекті мәселелері мен жетістіктеріне шолу жасалды. Әр мәдени ұжым басшылары сөз алып, мәдениет саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.
Сонымен қатар, мерекелік құттықтау хаттар табыс етілді.

Ақын Бейбіт Оспан

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Наз” мемлекеттік би театры ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша кездесу өтті. Кездесуге сөз қадірін білетін, тіл маманы,ақын Бейбіт Оспан арнайы шақырылды.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев “Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды” деді өз мақаласында.
Кездесуде Б.Оспан театр қызметкерлеріне “латын әліпбиіне көшу еліміз үшін өте маңызды және ол қай жағынан болса да тиімді” деді.

«Рухани жаңғыру»

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және қайрымдылық мақсатында Нұр-Султан қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры Аршалы кентіндегі ЕЦ-166/5 апаттық қауіпсіздік колониясында жазасын өтеушілерге «Самға қазағым!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Қазақ тарихының жаңа парағы ашылып, алтын әріптермен “НҰР-СҰЛТАН” қаласы деген жаңа атау енгізілді. Тәуелсіз Қазақстанның орталығының бұлай аталуы тегін емес. Сарыарқа төсінде бой көтерген жаңа Астана салу идеясы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі. Алға қойған асыл армандар орындалып, жаңа Астана күн сайын дамып, әлем таныды. Дүниежүзі халықтарының, түркі дүниесінің басын біріктіретін үлкен саяси маңызды орталыққа айналды. Сондықтан, Елордамен бірге құрылып, бірге дамыған өнер ұжымы ретінде Отанымыздың жүрегін “НҰР-СҰЛТАН” деп аталғанымен құттықтаймыз! Еліміздің іргесі берік, сәбилеріміздің ұйқысы тыныш болсын!

Құрметпен, “Наз” мемлекеттік би театры ұжымы.

2019 жылдың 19 наурызында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді

2019 жылдың 19 наурызында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл тарихи шешім болды. Егемендігін алған Қазақстан үшін ең маңызды тарихи оқиға – Сарыарқа төсіне елордамыз Астананың салынуы. Бұл ұлы іс түсінген жанға үлкен астары бар ұлы шешім. Отыз жыл мемлекет басқарып, қиын-қыстау заманда Қазақ елінің дара жолын қалыптастырған Ұлт көшбасшысына алғыс білдіреміз. Биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, елдің болашағын өскелең ұрпаққа аманат еткен Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың көрегенділігі деп білемін. Еліміз үшін ең басты құндылық ол – «Тәуелсіздік». Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін қазақ өнері де қарыштап дамып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, театр, кино, опера саласы да бұрын соңды жетпеген биіктерді бағындыра бастады. Қазақ биіне күмәнмен қарап, бұл өнерді жоққа балағандардың күмәнін сейілдіріп қазақ тарихында тұңғыш «Наз» мемлекеттік би театры құрылды. Осының барлығы Елбасының білгір саясаты мен үздік бағдарламаларының жемісі. Еліміздің барлық саласына құрылған арнайы бағдарламалар мен жобалар айнымас темірқазықтай жол көрсетіп тұрды. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың шешімін құрметтеп, «Наз» мемлекттік би театрының атынан мың алғыс білдіреміз! Амандықта болыңыз!

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры С.Сраилов

“Торговля людьми – жестокое преступление”

Сегодня государственный театр танца ” Наз ” и публичная библиотека № 3 провели для школьников лекцию на тему: ” Торговля людьми-жестокое преступление”. Юрист театра Бауыржан Сатханов подробно объяснил тему и предоставил ребятам полезные информации.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі өз күшіне енеді. Сіз сақтандыру бойынша медициналық көмекті қалай алатынын және МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек екенін білесіз бе? Онда fms.kz сайтына кіріңіз немесе 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, толығырақ біліңіз. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі бойынша кеңес алу үшін өзіңіз тіркелген емханаға хабарласа аласыз.

ЖИТС – ғасыр дерті

Бүгін театрымызда “ЖИТС – ғасыр дерті” тақырыбында сапа жане науқас қауіпсіздігі менеджментінің жетекші маманы, дәрігер-эпидемолог Абдрахманова Майра Мақсотқызы келіп дәріс оқыды.
Әлемнің ғасыр дерітіне айналған бұл ауру туралы әр мекеме, оқу орындары алдын-алу мақсатында айтып, ескертіп отырған артықтық етпейді. Ең сұмдығы, бұл дертпен біздің Республикамыздың тұрғындары ауырып, жыл сайын олардың қатары көйіп отырғандығында. “Ол аурудың алдын алу үшін ҚР барлық шаралар қолға алынған. Және тегін қызмет көрсетіледі. Бірақ тұрғындардың жауапсыздығынан, өз құқығын білмегендіктен дер кезінде келіп, зертханаға қан өткізіп, өзінің денсаулығы туралы ақпарат алмағндықтан дерт өршіп тұр. Ал, дер кезінде келген адам көп қиындықтан құтылар еді” деді маман.
Театр қызметкерлері түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

«Ынтымақты елдің ырысы мол»

«Ынтымақты елдің ырысы мол»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауы әрбір қазақстандықтың заман талабына сай өмір сүруге бағытталған айқын жол деп есептеймін. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен жобалардың барлығы мемлекетіміздің өркендеуі үшін маңызы зор. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Республика тұрындарының арасында жаппай қолдауға ие болып, қоғамға үлкен сілкініс жасады.

Бұл жолдауда алдымен халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру сынды маңызды қадамдар басты назарға алынған. Қазіргі уақытта жаһандық және жергілікті проблемалар бірігіп келіп, азаматтардың қоғамға деген дүниетанымын қайта қалыптастырып жатқандай. Жолдауда мемлекеттік органдар қызметінің барлық салаларын қамти отырып, қазақстандықтар үшін тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық, білім беру және денсаулық сақтау сияқты маңызды салалардың сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылады.

Мысалы, еңбек нарығында жалпы білім алған адам емес, оның өз мамандығын жақсы меңгерген адам сұранысқа ие. Сонымен қатар, әр жылдары мамандардың біліктілігін арттырып отыру, ол сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы.

Елімізге туристердің келуі және ішкі туризм мәселесі бойынша маңызды салалық бағдарламаны әзірлеу бойынша Үкімет алдына міндет қойылды. Бұл инфрақұрылымды дамыту және өз ісіне жауапты білікті мамандар даярлап, жаңа жұмыс орындарын құру мәселесі де орынды талап.

Президенттің жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасына және барлық деңгейде оқыту процесстеріне түбегейлі өзгерістер енгізу басты назарда.

Жоспарланған «Педагог мәртебесі туралы заң» қоғам үшін осы кәсіп иелерін ынталандыруға, оқушылар алдында мұғалім беделінің артуына бағытталған.

Сонымен қатар, халық арасында «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «7-20-25» және басқа да тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бағдарламалар қолдау тауып, ел кәдесіне жарап жатыр.

Биылғы жылды Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз де өз саламыз бойынша жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жас таланттарды жұмыспен қамтамасыз етіп, өнерін қолдап отырған ұжымбыз. Жалпы «Наз» мемлекеттік би театрының 70 проценті жастардан құралған. Сондықтан жалынды жастарымызды рухани құндылықтарымызды дәріптеуге баулып,

отаншыл патриот болуға тәрбиелеп жатырмыз. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс» деп елбасы айтқандай, жас буынның еңбек ете жүріп, отбасын құрып, баянды ғұмыр кешуіне жағдай жасауға талпыныстар мен қадамдар жасап жүрміз.

Бүгінгі таңда барша азаматтың алдында тұрған ең басты міндет – Президенттің Жолдауын халыққа түсіндіру және оның жүзеге асуына атсалысу. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халық даналығы. Ынтымақ пен бірліктің арқасында қазақ елі әлемге әйгілі ұлы мемлекеттердің біріне айналары сөзсіз. Соның айғағы – қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы.

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры Сұлтан Сраилов

Шабыт

«Наз» мемлекеттік би театры мемлекет басшысының жолдауы аясында кездесу ұйымдастырды

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың  5 қазандағы  «Қазақстан халқына жолдау» аясында Астана қаласы әкімдігінің  «Наз» мемлекеттік би театрында  «SERPIN» білім және иновация ұлттық палатасы» төрағасы М.Әбеновпен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Елбасы жолдауының маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың өз өмірін жаңа заманға сай өзгерту жайлы қызық та маңызды ақпараттар айтылды.

          Сан жылдар білім және ақпарат саласында қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері М.Әбенов қашанда дарынды жастарға қолдау көрсетіп жүретіндігі бәрімізге белгілі. Бұл жолғы кездесу әдеттегі кездесулерден бөлек, әрі тартымды өтті. «Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық, адамдар теледидар көруден, газет оқудан қалып барады. Мысалы, әркім теледидар арқылы ақша төлеп тауарына не болмаса шығармашылығына жарнама жасағаннан гөрі, еш шығынсыз қолындағы гаджеттер арқылы әлеуметтік желілерге тегін ақпарат және жарнама берген тиімді. Сонымен қатар, кез-келген азамат өз ойын білдіруге, ұсыныс жасауға мүмкіндік туған заман. Қай салада болса да тың жоба, тың ұсыныс жасаған ақыл-ойы терең азаматтар қоғамнан өз орнын таба біледі» деді М.Әбенов мырза.

          Елбасы 2019 жылды  «Жастар жылы»  деп жариялап отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл кездесуден театр ұжымы үлкен серпіліс, шабыт алды деп ойлаймыз.

Балалар қалашығында «Қуан,Сәби!» акциясы өтті

Астанадағы «SOS Балалар қалашығында» жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Қуан, Сәби!» акциясы болып өтті. «Қуан, сәби!» акциясының мақсаты— жетім балаларды отбасына орналастырудың альтернативті формаларын дамыту.Бұл күні барлық жандар үшін балалар қалашығының есігі ашық болды.

Кездесуге мемлекеттік құрылым: Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері; экс депутат, видео-блогер Бердоңғаров Тәңірберген Маратұлы, және «SOS Қазақстан балалар қалашығы» корпоротивті қорының өкілдері, №37, №22, №32 мектептердің әлеуметтік педагогтары, мектеп инспекторы, SOS отбасылық жұптары, SOS тәрбиешілері, қамқоршылар отбасылары және Балалар қалашығының әкімшілігі қатысты. Сондай-ақ, балалар тағдырына бей-жай қарамайтын жандар атсалысты.

Мерекенің басты идеясы – Астанадағы Балалар қалашығындағы тәрбиеленушілерінің талантты, жан-жақты екенін қонақтарға көрсету.

Балалар әндерімен, билерімен, жүректен шыққан жырларымен көрермендерді баурап алса, әсіресе Сартаева Индираның «Менің отбасым»  атты өлеңі қонақтарды таң қалдырды.

Балаларды дамыту орталығындағы менталды арифметикаға қатысатын оқушыларды халықаралық ESMA мектебінің сертификаттарымен марапаттау іс-шараның ең салтанатты кезеңі болды.

Мерекенің соңындағы ең маңыздысы, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының қайырымдылық мақсатпен қойылған  «У-сана» спектакалі болды.

Қойылым компьютерге тәуелділікті, гаджеттерден алған психологиялық соққыдан қалай құтылудың жолын қарастырады. Либретто бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, гаджетке тәуелділік мәселесін көтереді.

Тамаша кештің әсерін В.Гюгоның «Бала – дегеніміз болашақ. Бала –  періште. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұнық болса, көңілдері де сондай мөлдір!» cөзімен аяқтағымыз келеді.

        

        

                                        

«ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА»

«Елімнің жүрегі – Астана!»

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің  «Наз» мемлекеттік би театрының ұйымдастыруымен  Елордамыздың 20 жылдығына орай Қостанай облысындағы Астана күндері өтті.

Театр артистерінің толассыз  еңбегінің  нәтижесінде «Елімнің жүрегі– Астана!» атты жаңа концерттік бағдарлама дайын болды. Бағдарламада ең таңдаулы хореографиялық композициялар мен билер және Астана, Отан жайлы поэтикалық қойылымдар көрсетілді.

«Елімнің жүрегі – Астана!» бағдарламасында дәстүрлі хореография мен көркем декорациялар арқылы көрермендерге мәдени өмірдің сұлулығын паш етті. Осы концертті дайындау барысында бірнеше жаңа хореографиялық композициялар және жаңа әндер дүниеге келді.

«Елімнің жүрегі – Астана!» концерттік бағдарламасы шығармашылық кезеңінде қазақтың дәстүрі мен халықтық хореграфиясын, дәстүрін насихаттайды.

«Елімнің жүрегі – Астана!» бағдарламасының мақсаты, «рухани жаңғыру» бағдарламасына толықтай сәйкес келеді және қоғамның рухани дамуына, зиялы қауымның дамуына бағыт береді.

Тынымсыз ізденістің арқасында көрерменге осындай ғажайып концерттік бағдарлама ұсынған театрдың көркемдік жетекшісі, бас балетмейстер,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Концерт залы көрерменге лық толды. Ерекше ықыласпен тамашалаған көрерменнің әсерін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Кеш соңында Қостанай қаласының әкімі Жакупов Базыл Шамұқанұлының атынан ықылас гүлі тарту етілді. Театр артистерінің де Қостанай халқына алғысы шексіз.

Астанамыздың айбынын асқақтатын мазмұнды концерт өз міндетін толықтай атқарды деп нық сеніммен айтуға болады.

 

 

 

«Астана – елімнің жүрегі!» атты іс-шараға арналған ақпараттық-анықтамалық материал

1. Өтетін күні және орны: 19 маусым «Мирас» мәдениет орталығы. Қостанай қаласы.

2. Ұйымдастырушылар: «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК-ны.

3. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: Қазақстанның ұлттық өнері мен мәдениетін насихаттау және тарату.

4. Негізгі хабарламалар: Заманауи көзқарасты ұстана отырып, салт-дәстүрімізді сақтау және ұлықтау.

5. Спикерлер: Театрдың директоры – Сраилов.С.О.

Тел: + 7 (701) 101 70 70;

Театрдың көркемдік жетекшісі – Ағымбаева Қ.Е.

Тел: +7(701) 751 28 28;

6. Іс-шараның әсері: Барша тұрғындарға мәдениет пен өнерді насихаттай отырып, талғамын қалыптастыру.