4 қараша күні, сағат 15.30-18.00 аралығында «Жастар» театрында Хореография номинациясы бойынша – I байқау кезеңі өтті.
5 қараша күні, сағат 10.00-12.30 аралығында «Жастар» театрында Хореография номинациясы бойынша – II байқау кезеңі өтті.
5 қараша күні, сағат 17:00-де Жастар театрында «Наз» мемлекеттік би театрының артистері хореография номинациясы бойынша фестиваль қатысушыларына класс-концерт өткізді.
Класс-концерт аяқталған соң, әділқазылар алқасы хореография номинациясы бойынша байқау қатысушыларымен диспут өткізді.
6 қараша күні график бойынша фестиваль қатысушыларына арналған Экскурсия өтті.
8 қараша күні Астанада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында фестивальдің қорытындысы шығарылып, байқауға қатысушыларға лауреаттық және атаулы сыйлықтар табысталды.
Әділқазылар алқасының мүшелері «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша конкурсанттардың жұмыстарына баға берді.
Хореография номинациясы, Халық биі аталымы бойынша Қазылар алқасының төрәйымы: Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы (Астана қ.) және қазылар алқасының мүшелері: Пала Орхан Шинаси (Түркия), Tumurkhuyag Tugsuu (Монголия), Фахрутдинов Шамиль Абдрахманович (Қостанай қ.), Күлбекова Айгүл Кеңесқызы (Астана қ.), Есекеев Абдиракул Нажимадинұлы (Астана қ.) байқау қатысушыларын бағалады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, ХIХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінде хореография номинациясы бойынша, 1,2 байқау кезеңдерінде қатысушылардың көрсеткен өнерелерінің нәтижелері бойынша, алған мараппаттары:
| п/п№ | Марапат атауы | Орындаушылардың
аты-тегі және ансамбльдің атауы |
| 1
|
Гран-при Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық | «Алтынай» би ансамблі
/Талдықорған/ |
| 2 | 1 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
«Назерке» би ансамблі
/Орал/ |
| 3 | 2 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Шолошова Коркем (соло)
/Астана/ |
| 4 | 2 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Құдайбергенов Ержан (соло)
/Астана/ |
| 5 | 3 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Мухамметалиев Омар (соло)
/Астана/ |
| 6 | 3 орын
Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйлық |
Топтаева Дана (соло)
/Астана/ |
| 7 | “Хореография” номинациясы бойынша – Шара Жиенқұлова атындағы диплом және ақшалай сыйлық | У. Сиязбеков, А.Самарбаева
(дуэт) /Астана/ |
| 8 | Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арнайы сыйлығы – диплом және ақшалай сыйлық | «Нұр» би ансамблі
/Павлодар/ |
| 9 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | Доминская Светлана (соло)
/Астана/
|
| 10 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | «Жарқын» би ансамблі
/Көкшетау/ |
| 11 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | «Magic jump» биансамблі
/Қостанай/ |
| 12 | «Халықаралық байқауының жеңімпазы» дипломы | «Жаш Канат» би ансамблі
/Бишкек/ |
2016 жылдың қараша айының 3 күні Бейбітшілік және келісім сарайында XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылуы өтті. Елордалық Пирамиданың Опера залында алдыңғы фестивальдердің жеңімпаздарының қатысуымен мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылды. Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.
Концерт шымылдығын «Шабыт-2015» жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Президенті кубогының иегері, «Классикалық музыка, скрипка» Гран-приінің иегері Мақсат Жүсіпов, сондай-ақ «Шабыт-2010» жеңімпазы Айбек Аширматов ашты.
Сонымен қатар, сахна төрінде қазақстандық эстрада жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Әли Окапов, Қайрат Баекенов және Формат тобы өнер көрсетті. Бұл артистер де өнердегі жолдарын «Шабыт»фестивалінен бастаған болатын. Бұрын хабарланғандай, үстіміздегі жылы білікті қазылар алқасы 644 жас дарынның өнерін бағалайтын болады.
Биыл «Шабыт» фестивалі алты номинация бойынша өтеді: «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал».
Үміткерлердің көбі «Бейнелеу өнерінде» бағын сынамақ – бұл номинацияда –192 өтінім, «Хореография» – 154 және «Халық музыкасы» номинациясы бойынша – 134 өтінім, «Үздік әдеби шығарма» – 45 өтініш, «Классикалық музыка» – 77 өтініш, «Эстрадалық вокал» – 42 өтініш қабылданды.
Қазылар алқасының құрамына әлемнің 15 мемлекетінен, соның ішінде АҚШ, Италия, Израиль, Македония, Мексика, Армения, Қытай, Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Украина, Грузия, Монғолия елдерінен беделді сыншы-өнертанушылар енді.
XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 8 қарашаға дейін өтеді. Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Классикалық музыка» және «Халық музыкасы» номинацияларында тыңдаулар өтеді, «Эстрадалық вокал» номинациясындағы конкурсанттар Конгресс-холлда өнер көрсетеді, «Хореография» номинациясы бойынша би ұжымдары «Жастар» театрында (бұрынғы К. Бәйсейітова атындағы опера және балет театры) өнер көрсетеді, ал «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жұмыстар көрмесі «Жастар» сарайында өтеді, «Үздік әдеби шығарма» номинациясында жас ақындардың шығармашылығын қазылар алқасы Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында (Бөгенбай батыр даңғ., 52) бағалайтын болады. Барлық шараларға кіру – тегін.
Астананың Мәскеудегі мәдени күндері аясында өткізілген
Гала-концерт
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 күні Мәскеудегі Астананың мәдени күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында «Астана – Еуразия жүрегі» атты гала концерт өтті.
Ауқымды мәдени кеште отандық талантты тұлғалардың өнеріне мәскеуліктер таңдай қақты. Әсіресе, Әлібек Днишев, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы және Роза Рымбаева секілді қазақ музыка өнерінің жарық жұлдыздары сахнаға шыққанда тұрғындар ғажайып әсерге бөленді. Қазақтың ұлттық биінің шашбауын көтеріп жүрген «Наз» мемлекеттік би театры артистері де Мәскеу сахнасында қазақ биінің тұғырын тағы бір мәрте көтеріп тастады. Театр артистері «Назбике», «Достық» биін, «Көңілашар», «Самғау», «Жастар», «Русская плясовая» билерін нақышына келтіріп орындады. Оларға жұртшылық ұзақ уақыт қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, «Славянский базар – 2015» конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Айша, «Формат», «Ринго», МузАрт тобының орындауында әндер шырқалды.
Астана қаласы мемлекеттік академиялық филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрі мен «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі де тамаша туындылар орындады. «Шалқыма» халық биі ансамблінің мүшелері де әдемі би өрнегін көрсетті. Тұрсынбек Қабатов бастаған әзілкештер көрерменді бір серпілтіп тастаса, әйгілі «А-Студио» тобы да тұрғындарды өнерімен қуантты.
Осылай, отандық өнер майталмандары Мәскеу төрінде қазақтың рухын асқақтатып, көрермен қошеметіне бөленіп қайтты.
2016 жылғы 31 тамызда 19.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің Гала-концерті өтті. Мерекелік шарада «Наз» мемлекеттік би театрының артистері «Жастар», «Хбайлар», «Түрік» билерін биледі.
Жуырда «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы Астана радиосындағы «Единство кz» бағдарламасына қатысып қайтты. Бағдарлама барысында Қадиша Ермекбайқызы театрдың жеткен жетістіктері, бүгіні мен болашағы жөнінде ой өрбітті.
Ағымдағы жылдың, 18-20 қыркүйек аралығында театр артистері Мәскеу қаласына гастрольдік іс-сапармен барады. Қазақстанның Ресейдегі Мәдени күндерінің өтуіне арналған концерт «Танец без границ» деген атаумен өткізілмек. Осы жолы театр артистері Мәскеулік көрерменін «Қуаныш», «Назбике», «Тау ұлы», «Самғау», «Шаттану», «Русская плясовая», «Ақ Жайық», «Ақбаян», «Кадриль» сынды репертуарындағы жаңа билерімен қуантпақ.
Ағымдағы жылдың 1-ші маусым 31 тамыз аралығында «Наз» мемлекеттік би театры артистері сенбі және жексенбі күндері қаладағы «Астаналық» саябақ, «Жерұйық», «Студенттік» саябақтарында қала қонақтары мен Астана тұрғындары назарына 1 сағаттық концерттік бағдарлама ұсынып келеді. Театр әншілерінің орындауында әндер айтылып, «Наздың» бишілері көрерменін мың бұралған биімен тәнті етуде.
Шілденің 3-6 аралығында Астана қаласында дәстүрлі республикалық «Биле, Астана» фестивалі ел бишілерінің басын қосты. Астананың туған күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың өтуіне мұрындық болған Астана қаласы әкімдігі мен «Наз» мемлекеттік би театры.
Байқауға еліміздің әр аймағынан келген 5 жастан 25 жас аралығындағы би ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты. Би өнерінің әр түрлі жанрында додаға түскен өнерпаздар әділқазылар алқасы мен өнерсүйер қауымды шеберлігімен тәнті етті. Би фестивалі 6 шілде күні галоконцертпен аяқталды. Сонымен, байқауда әділқазы алқасын өнерімен тәнті етіп, Гран-при жүлдесін иеленгендер – «Халық биі» аталымы бойынша «Нұрсәулем-ай» ансамблі, «Шашу» би ансамблі және осы аталым бойынша жеке орындаушылар Гүлназ Бодашева және Тараздан келген Аружан Ахметова. Ал, эстрадалық би аталымы бойынша №48 мектеп-лицейінің би ансамблі және осы номинация бойынша жеке орындаушы Катя Кудряшова бас жүлдені қанжығасына байлады. Байқау жүлдегерлері мен лауреаттары ақшалай сыйлыққа ие болып, байқауға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың шілденің 3-і күні республикалық «Сарыарқа» велотрегі спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде «Наз» мемлекеттік би театрының артистері «Самғау» және «Шаттану» билерін орындады.
Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні Астанадағы «ҚазМедиа» орталығында «Салем, Қазақстан!» жобасының аясында осы маусымдағы «Жасай бер, Астана!» атты соңғы концерт өтті.
Кешті «Наз» мемлекеттік би театры «Ғасырлар үні» биімен ашты. Кеште эстрада жұлдыздары Димаш Құдайберген, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Әлімжанов, Тамара Асар, Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, «Ханзада», «Алау», «Лүпіл» топтары өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, кеш барысында «Наз» мемлекеттік би театрының мың бұралған бишілері Тамара Асардың орындауындағы «Қаражорға» әніне биледі. Мерекелік түсірілім, «Наз» би театры артистерінің орындауындағы «Ақ жайық» биімен тәмамдалды.
«Наз» мемлекеттік би театры қатаң режимдегі түзету
мекемесінде өнер көрсетті