• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Иманғазиева Зағипа Қайратқызы

Иманғазиева Зағипа Қайратқызы 1978 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінде дүниеге келген. Сексеуіл кентіндегі №22 қазақ орта мектебінде білім алған.   2001жылы  Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында актриса болып жұмыс жасаған. 2001-2005 ж.ж Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік униерситетінің «Халық әні» кафедрасының    «Жыраулық дәстүр»          бөлімінің а) орындаушылық шеберлік, ә) арнаулы пәндерден дәріс беруші, б) фольклор зерттеушісі мамандығы бойынша, жоғарғы оқу орнын үздік дипломмен тәмәмдаған. 2006 жылы Қызылорда облыстық мәдени-шығармашылық және продюссерлік орталығында қызмет етті. 2007жылы Әкім ансамблінің мүшесі болып жұмыс істеді. 2010 жылы Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин мұражайында директордың орынбасары  қызметін атқарған. 2016-2017ж.ж Евразия Ұлттық Университетінің магистранты.

Халықаралық Түркі дүниясы фестивалінің және республикалық «Жас толқын» – фестивалінің лауреаты. 2007 жылы Оралда өткен  Марабай Құлжабайұлының 165 жылдығына арналған республикалық  әнші-термешілер байкауының лауреаты. Астана қаласында өткен республикалық «Елім менің»патриоттық ән байқауының «Аманат» номинациясы бойынша лауреат    I жүлде иегері. «Дала дауысы» халықаралық радиофестивалінің жеңімпазы. 2014 жылы  “Tекті сөздің төресі терме” республикалық термешілер байқауының ” Үздік мақам-саз ”  жеңімпазы.

Қазіргі таңда Астана қаласы «Наз» мемлекеттік би театрының әншісі.