• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.

Бүгін Елордамызда өнер саласындағы үздіктер түрлі марапатқа ие болды. Астана қаласы “Наз” мемлекеттік би театрының артистері мен қызметкерлері де атаулы сыйлықтардан құр алақан қалған емес.

Атап айтсақ, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен театр артисі Жұлдыз Бегманова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Алғыс хатымен” Аяжан Умашева және Батима Изенаева, Астана қаласы әкімі Ж.Қасымбектің “Алғыс хатымен” кадр бөлімінің инспекторы Асия Жунусова, Астана қаласы мәдениет басқармасының “Алғыс хатымен” Айсұлтан Басықара, Аягөз Қасеновалар марапатталды.

Отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерңмен құттықтап, әріптестерімізге шалқар шабыт, еңбектеріне табыс, отбастарына амандық тілейміз!

maxioma