• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» тақырып бойынша дәріс

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» тақырып бойынша дәріс

Астана  қ.                                                                                             01.04.2024 жыл

2024 жылғы 1 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да (бұдан әрі-Театр) «сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» тақырыбында дәріс  өткізілді. Іс-шараға театр қызметкерлері қатысты. Бұл іс-шараны театр комплаен-менеджер Тәпен Мәди Олжасұлы өткізді.

Квазимемлекеттік ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл элементтерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ерекшеліктері түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды құрылымдық бөлімше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын лауазымды адам (лауазымды адамдар) немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау: 1) объективтілік; 2) шынайылық; 3) ашықтық; 4) жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі.

ҚР азаматтары мен қоғамдық ұйымдардың талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлау кезінде тиісті ұйымға сұрау салу жолдай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға қатысуға құқығы бар.

Ескертулер анықталған немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде азаматтар сайтта көрсетілген байланыстар бойынша қызметшіге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде осы аспектілерді қосу үшін комплаенске жүгіне алады. Тәуекелді растау кезінде ұйымның құзыреті шеңберінде осы тәуекелді жою мәселесі пысықталуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығы атап өтілді

 

Жиналыс өткізді: Тәпен М. О.

 

maxioma