• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»

«Наз» мемекеттік би театрында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция өтті. «Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нан Шантай Марал Мұратқызы мен Садуақас Ғылмани мешітінің наиб имамы Ағытаев Әділ Сахиұлы осы тақырыпта дәріс оқыды.

Қазақстан Республикасы-Зайырлы мемлекет.

Зайырлылық-ол:

  • Мемлекеттік діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;
  • азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан теңдігі;
  • азаматтардың дінді таңдауға және діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;
  • рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;
  • қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.

Сонымен қатар, ата-аналарға да маңызды ескертулер айтылды.

Өз проблемаңызды жалғыз шешпеңіз: көптеген отбасылар дін мәселесіне келгенде адасып жатады. Қоғамнан көмек сұраңыз.

Күдіктенген болсаңыз мәліметтер жинаңыз:

  • Сіздің балаңызбен қарым қатынастағы тұлғаның аты жөнін
  • , мекен-жайын, телефонын біліп алыңыз;
  • олардың не жасайтынын, қайда баратынын, тіпті сол топқа байланысты (баспасөздегі мақалаларды, ескертпелерді, листовкаларды) барлық мәліметтерді сақтаңыз;

Егер сіз қандай деструктивті діни ағымда екенін анықтай алмасаңыз, олардың оқуларын, сөздерін, күнтізбелік кестелерін,атауларын анықтап алыңыз. Осы мәліметтерге қарап мамандар оны анықтап бере алады.

Жоғарыда келтірілген  белгілерді кездестірген болсаңыз, жылдам қимылдап, құқық қорғау оргадарына хабарласыңыз.

Бұл кездесу театр үшін өте маңызды шара болды. Әріптестеріміз көкейлерінде жүрген сауалдарды қойып, нақты жауабын алды. Естеріңізге сала кетейік, сізде сұрақтар пайда болса,  кез-келген  сәтте орталықтың сенім телефонына хабарласа аласыз!   78-22-88;