• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

«ҚАМАЖАЙ» I Республикалық хореографтар байқауының жеңімпаздары анықталады.

«ҚАМАЖАЙ» I Республикалық хореографтар байқауының жеңімпаздары анықталады.

Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және “Астана қаласының мәдениет басқармасы” ММ қолдауымен Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Шара Жиенқұлованың 110-жылдығына арналған «Қамажай» атты I-Республикалық хореографтар байқауының қорытынды кеші өтеді.

Бұл байқау Қазақстанда алғаш рет арнайы хореографтар үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл конкурстың ерекшелігі-қазылар алқасының мүшелері жыл бойы еліміздің барлық облыс орталықтарын аралап, хореографтардың жұмыстарын тамашалады. Хореографтарға ешқайда бармай, өз сахнасында қойылымдарын көрсетуге мүмкіндік берілді. Қатысушы хореографтар бидің барлық идеясын толық ашу үшін барлық аймақтарда сахна, жарық, дыбыс және LED экранмен қамтамасыз етілді.
Қатысу үшін оған қаражат жұмсаудың немесе демеушілер іздеудің қажеті жоқ еді. Осы байқау аясында Ақтау қаласында Шара Жиенқұловаға арналған көрме өтті, хореографиялық өнер қайраткерлері қоғамының өтініші бойынша көрменің жетекшісі хореограф Серік Сариев болды. Сондай-ақ, байқау аясында 26-қараша күні сағат 9:00 де қатысушыларға және БАҚ өкілдеріне тіркелу, 10:00- де баспасөз концеренциясы,11.00-де «Астана Опера» театрының кіші залында Шара Жиенқұловаға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Тақырыбы: «Түркі халықтарының би мәдениетінің симбиозы». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын сағат 11:00 бастайды.
Сағат 18.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК залында «Abai TV» телеарнасы телевизиясының ақпараттық қолдауымен конкурс жеңімпаздарын марапаттау және Гала-концертпен түйінделеді.

 

admin2