• +7 (7172)-30-02-87
  • naz-halik@mail.ru

Архив автора

«Ата Заң — елдің айбыны, еркіндігі, балйығы»

admin2

Государственный театр танца «Наз» получил специальный приз на международном фестивале VITOSHA 2020 — WEB EDITION

Государственному театру танца «Наз» акимата города Нур-Султан вручили «Специальную награду директора» на международном фольклорном фестивале VITOSHA 2020 – WEB EDITION прошедшим в Болгарии, который проводился с 15 по 18 июля в онлайн формате. Данный фестиваль VITOSHA 2020 — WEB EDITION стал удивительным событием для жителей Софии и людей со всего мира. Участвовали 24 группы со всех континентов.
Организаторы: Ассоциация «Международный фольклорный фестиваль Витоша», Софийский муниципальный совет, Софийский муниципалитет-дирекция «Культура и образование», «Витоша», Читалище» Витоша», при любезном содействии Министерства культуры. FTA Sofia 6 также является постоянным организатором IFF Витоша.
IFF «Витоша» является одним из культурных событий международного масштаба и особого национального значения. На этом фестивале встречаются представители разных культур со всего мира, объединенные их большой любовью к фольклору.
Целью фестиваля является популяризация танцевального искусства разных болгарских регионов и знакомство зрителей с фольклором стран-участниц. Фестиваль — это возможность завести новые знакомства и дружбу.
Уважаемые зрители! Фестиваль завершился успешно, и это было бы невозможно без вашей поддержки. Так как конкурс прошел в онлайн формате, мы благодарны за каждый голос в нашу пользу.
Желаем нашему коллективу творческих успехов и развития в дальнейшем!

 

admin2

«ЕЛІ СҮЙГЕН — ЕЛБАСЫ»

Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкені алып жатқан, Түркі әлемінің бесігі атанған қазақ елінің егемендігін алып, жеке мемлекет болғанына ширек ғасырдан асып барады. Осы жылдарда еліміз дамушы елдер арасында әлем таныған, бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік еткен, абыройлы елдердің санатына көтерілді. Ресей империясының құрамынан бөлініп, жеке тәуелсіз мемлекетке айналған тұста, ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты, халықты жаңа бағытқа бұруы, соның ішінде халықаралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласы үшін аса маңызды бастама болды.
Бейбітшілік пен ынтымақ – қазақ елінің айнымас темірқазығына айналды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ел аумағында қару тұрған жерде тыныштық болмайтынын тереңнен түсініп, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл түсінген жанға өте қиын және күрделі жағдай еді. Әлемнің мықты елдерімен салыстырғанда енді егемендігін алып, дербес саясат жүргізіп көрмеген біздің ел үшін қолда бар қарудан бас тарту аса үлкен ерлік пен қайсарлық еді.
Себебі, қазақ елі ядролық сынақ зардаптарынан 40 жылдан астам азап көрген еді. Кеңес Одағы Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды. Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы. Осы 40 жыл уақыт аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса, қалған 352-сі жер астында өткізілген.
Міне, КСРО-ның Семей полигонында 500 ядролық сынақ жасауы, тұтас бір мемлекетке жасаған бейбіт замандағы қастандығы болатын. Соның салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс және орталық аудандарына экологиялық зиянын тигізіп және мыңдаған адамның денсаулығы құрыды. Семей полигонында соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Өткенімізді түгендеп, тарихтың көмескі тұстарын барынша айғақтап мың жылдықтардан ақпар беретін қазыналы елге айналдырды.
Міне, қиын күндер артта қалып, халқы сенген Елбасы жас мемлекетті әлем мойындаған елдер санатына қосты. Мен, өнер адамы болғандықтан өз саламды жетік білгендіктен өз атымнан және өзім басқарып отырған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының атынан елін сүйген Елбасы Н.Ә.Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасының келесі үлкен ерлігі – Елордасының Сарыарқа төсіне Ақмолаға қоныс аударуы. Сол Ұлы көшпен мен де отбасыммен ілесіп келіп, Елорда мәдениетіне өз үлесімді қостым. Бұл мен үшін –абыройлы іс, зор мәртебе. Еңбегіміз еленіп шағын ансамбль болған ұжымымыз «мемлекеттік» деген статусқа ие болды. Өзім және шығармашылық құрам мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталып, Елбасының өз қолынан пәтердің кілтін алған сәттерім жеке өмірімдегі шуақты күндердің бірі болып қала бермек.
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мерейлі мерейтойыңыз құтты болсын! Жаратқан күш-қуат, зор денсаулық берсін! Өзіңіз құрған жас мемлекеттің шаңырағы биік, керегесі кең, алпауыт елдермен терезесі тең болсын!
Құрметпен, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев.
#ELBASYMENBIRGE

admin2

«НАЗ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ ТЕАТРЫ ТҰРМЫСТЫҚ БИЛЕРГЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Барша әріптестерімізді  тұрмыстық би челленджіне шақырамыз!!! Қазақ биінде кездесетін тұрмыстық билер өте көп. Бейнеролигімізді Республикамыздағы би ұжымдарына жолдаймыз.Қазақ биінің мәртебесін биіктетеу біздің кәсіби борышымыз.

 

«Киіз басу» — қазақ дәстүрін бейнелейтін ұлттық биінің бірі. Мұнда жүн түту, жүн сабау, киіз басу кезіндегі қимылдар би тілімен көрерменге ұсынылады.

Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.

«НАЗ» мемлекеттік би театрының репертуарында салт-дәстүр, ұлттық ойындардан ақпар беретін би коллекциясы жетерлік. Ендеше, би өнерінің өркендеуіне үлесімізді қосайық, әріптестер!

admin2

Афиша

admin2

Қобыз сарындары

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Оразбаева шығыстың ғұлама ойшылы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Қобыз сарындары» атты лекция-концерт өткізетіндігін хабарлаймыз. Кеште театр артистері ұлттық биден шашу шаса, танымал әншілер Зағипа Иманғазиева, Батима Изенаева әсем әндерін тарту етпекші. Сондай-ақ, қобыз өнерінің майталманы Р.Оразбаеваның жетекшілігімен «Қобыз-Рух» ансамблі өнер көрсетеді.

«Қобыз» аспабы әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі болып саналады. Ал түркі халықтарының ішінде қобыз өнерін дамытқан әрі жалғастырушы «қазақ» халықы. Лекция-концерттен көрермен дала сарынымен сусындап, рухы биіктейді деп сенеміз.

Естеріңізге салып өтейік, Раушан Оразбаева қазақ мәдениетін Түркия, Иран, Малайзия, Франция, Италия, Англия, Испания, Нидерланды, Жапония, Австрия, Белгия, Швейцария, Германия, Үндістанда насихаттап, жеке концерттер қойған өнер майталманы. «Ақулар сазы» атты оқу-әдістемелік кітабының авторы.

Өтетін күні: 7 наурыз 2020 жыл

Өтетін орны: «Наз» мемлекеттік би театры

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал ш/а-1, Алмалық көшесі 1;

Басталуы: 15.00

admin2